Жаңалықтар Қоғам Түркістан

ТҮРКІСТАНДА ЖЫЛЫЖАЙЫ БАР ЕРЕКШЕ САЯБАҚ САЛЫНЫП ЖАТЫР

Түркістанда бой көтеріп жатқан нысандардың құрылыс барысы облыс әкімі Дархан Сатыбалдының бақылауында. Аймақ басшысы кезекті рет Түркістанды жаяу аралап, құрылыс алаңдарында болды. Алдымен, Белсенді демалыс саябағында жүргізіліп жатқан жұмыстарды бақылаған облыс әкімі қала әкімі мен мердігер мекемелердің басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді. – Саябақ ішінде ағаш көшеттерін отырғызуда нақты жүйе, логика болуы тиіс. Өңірімізде өсетін ағаштарды көбейтіңіздер. Көгалдандыруға мән беріңіздер. Бұл саябақ туристерді тартатын орынға айналуы керек. Құрылысты, көгалдандыруды сапалы жүргізіңіздер. Қатаң бақылауда тұр , – деген Дархан Сатыбалды мердігер мен мамандардың ұсыныстарын да тыңдады. Демалыс аймағы №7 және №30 көшелердің бойында орналасқан. Құрылыс жұмыстарын «Компания Өнім» ЖШС жүргізіп жатыр. Жер көлемі – 10,5 гектар. Көгалдандыру алаңы 61,892 шаршы метр болса, жабындар алаңы 42777 шаршы метрді құрайды. Құрылысы 2 кезеңмен жүзеге асуда. Қазіргі таңда І кезең жұмыстары аяқталып, ІІ кезеңнің жұмыстары жүргізілуде. 2023 жылы басталған құрылыс нысанын биыл пайдалануға беру жоспарланып отыр. Айта кетейік, елімізде баламасы жоқ бұл саябақта тропикалық өсімдіктер, ағаштар өсіріледі. Арнайы жылыжай-ғимаратында саябақ қысы-жазы бойы жасыл болып тұрады. Арнайы жылу жүйесі орнатылады. Сонымен бірге сахна, трибуна, 2 субұрқақ, ойын алаңы, скейтбординг және шатырлар салынады. Саябаққа түрлі құстар, балықтар әкелінеді деген жоспар бар. Бүгінде мұнда ағаштар, бұталар, гүлдер егіліп, көгалдар төселген. Aspan.info Түркістан облысы әкімінің баспасөз сілтемесімен хабарлайды

Related posts

«Жасағанынан бүлдіргені көп». Алматы облысының тұрғындары 790 млн теңгеге тартылған су құбырына наразылық білдірді

«Еуропа мен Азия арасындағы байланыс кабельдері кесілді». Instagram мен Facebook желісіндегі сәтсіздіктің себебі белгілі болды

Шымкенттегі «Гүл дауы»: экс-полицейдің ісіне қатысты тергеу қалай аяқталды

Leave a Comment