Жаңалықтар Қоғам

Тоқаев Индонезияның жаңа президентін құттықтады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Индонезияның сайланған президентіне құттықтау жеделхатын жолдады, Aspan.info тілшісі Tengrinews.kz сілтеме жасай отырып.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Прабово Субианто Джойохадикусумоны Индонезия Республикасының Президенті сайлауындағы жеңісімен құттықтады.

«Мен сіздің дана басшылығыңызбен сіздің тамаша еліңіз өзінің экономикалық және әлеуметтік дамуында жаңа табыстарға қол жеткізетініне, сондай-ақ халықаралық аренадағы рөлін нығайтатынына сенімдімін. Қазақстан мен Индонезияны өзара сенім мен ортақ мүдделерге негізделген жылы қарым-қатынастар байланыстырады. Мен біздің елдеріміздің мүддесі үшін көпқырлы өзара іс-қимылды дамыту үшін ашылып отырған мүмкіндіктерді бірлесіп пайдалануға дайын екендігімді растаймын «, — делінген жеделхатта.

Мемлекет басшысы индонезиялық көшбасшыға барлық бастамаларында табыс, ал Индонезия халқына одан әрі ілгерілеу мен бақ-береке тіледі.

 

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ТҮРКІСТАН: КЕНТАУДАҒЫ НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІНДЕ 1 ТОННА БАУЫРСАҚ ПЕН 1 ТОННА НАУРЫЗ КӨЖЕ ТАРАТЫЛДЫ

Ақтау қаласының тұрғыны жолдағы шаршаған шұңқырды «жөндеді»

ТҮЛКІБАС АУДАНЫНДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ІСКЕ АСЫП ЖАТЫР

Пікір қалдырыңыз