Жаңалықтар Қоғам Түркістан

ТҮРКІСТАН: ОРДАБАСЫДА НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІ КЕҢ КӨЛЕМДЕ АТАЛЫП ӨТТІ

Тіршілікке жан бітіп, Жер Ана бусанатын көрікті көктеммен бірге келетін әз-Наурыз мерекесін ордабасылықтар кең көлемде атап өтті.
Аудан орталығындағы алаңда өткен мерекелік шара таңертеңгі сағат 10-да басталды. Алаңда 12 киіз үй тігіліп, әр киіз үйдің алдында ұлттық ойындар ойналып, беташар, тұсау кесер, қыз ұзату, бесікке салу сияқты ұлттық салт-дәстүрлер көпшіліктің назарына ұсынылды.
Алаңда Наурыз керуені жүріп өтті. Онда салт-дәстүрлер қамтылып, мерекенің мәні одан әрі ашылды және игі шараның маңызын арттыра түсті. Мерекелік шарада ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі де ұйымдастырылып, онда ауданның бірқатар тауарөндірушілері өздерінің өнімдерін ұсынды.
Мерекеге жиылған қауым мен қонақтарға ауданның, облыстың өнерпаздары концерттік бағдарламалар мен театрландырылған көріністер тарту етті. Сонымен қатар қолөнер шеберлері бұйымдарының көрмесі ұйымдастырылды. Тұрғындар алтыбақан теуіп, ұлттық, спорттық ойындарға белсене қатысты.
Мерекелік шарада аудан әкімі Азат Оралбаев құттықтау тілегін айтты.
Жақсылықтың жаршысы болған осынау күні ел ағалары Темірлан елді мекеніне кіреберісте бой көтерген монументтің аумағына ағаш отырғызып, үш жүздің басын қосқан құтты мекеннің өсіп-өркендеуі не тілектес екендерін білдіріп, баталарын берді.
Aspan.info Түркістан облысы әкімінің баспасөз сілтемесімен хабарлайды

Related posts

Үндістанда қауіпті вирус таралып жатыр: 16 адам көз жұмды

ТҮРКІСТАН: САЙРАМ АУДАНЫНДА ҰЛЫСТЫҢ ҰЛЫ КҮНІ ТОЙЛАНДЫ

Ақтөбе облысында су тасқыны қаупінен адамдар эвакуацияланды

Leave a Comment