Жаңалықтар Қоғам Түркістан

«НАУРЫЗ ДУМАН» ГАЛА КОНЦЕРТІ ТҮРКІСТАН АСПАНЫН ӘН МЕН КҮЙГЕ БӨЛЕДІ

Ұлыстың ұлы күніне орай Түркістанда «Наурыз думан» гала концерті өтті. «Керуен сарай» кешенінде өткен кеш шымылдығы «Фараб» би ансамблінің «Кербез сылқым» биімен түрілді. Түркі әлемінің мақтанышына айналған «Turan boys» тобы мен Қырғызстаннан келген Дастан Кенчинбаев түркістандықтарға көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Ал «Таңба» мен «Дарын» тобы кеш көркін қыздырды.
Облыстың өнерпаздары, атап айтқанда Дінмұхамед Байқожа мен Дана Махатаева, Аяжан Нұрмаханбет, Әсел Қожанова, Азамат Қалыбаев, Елжас Төре, Мұрат Даниярұлы, Алпысбай Бағнұр, Әкім Шұғыла, Ақгүлім Тәжіғұлова, Ақжүніс Әзидоллақызы, Гүлзина Дөңесқызы, Асыл Жомартов шырқаған патриоттық және халық әндері мен Сәндібек Әбуов орындаған композициялар көпшілік көңілінен шығып жатты.
Айта кетейік, күндіз киелі шаһарда түркі елдерінің өнерпаздарының қатысуымен өткен «Армысың, әз Наурыз!» салтанатты іс-шарасы өткен болатын. Наурыз тойына еліміздің өзге өңірлері мен Түркі елдерінен қонақтар келді.
Aspan.info Түркістан облысы әкімінің баспасөз сілтемесімен хабарлайды

Related posts

ТҮРКІСТАНДА ЖАҢА КӨПҚАБАТТЫ ТҰРҒЫН ҮЙ КЕШЕНІ БОЙ КӨТЕРЕДІ

Министрден Алматы қанша тұрады деп сұрады

Әкім мен шенеуніктер киелі жерде ас бергені үшін жазаланды

Leave a Comment