Жаңалықтар Қоғам

«Лексус» көлігімен үйден шығып кетті. Алматы облысында қараша айында жоғалған адам қамыстан табылды

Алматы облысында өткен жылдың қараша айында хабар-ошарсыз кеткен ер адамның денесі табылды. Бұл туралы Instagram парақшасында LIDER.KZ еріктілері хабарлады, Aspan.info тілшісі Tengrinews.kz сілтеме жасай отырып.

Ділдабаев Әзімхан Серікұлы, 1990 жылы туған, 2023 жылы 8 қарашада жоғалған. Түнде ол Lexus GS 300 (мемлекеттік нөмірі: 368 RNZ 05) автокөлігімен Іле ауданы, «Батыр» ПКСТ, 4 линия көшесі, 9 мекен-жайындағы үйден кетіп, жоғалып кеткен.

Белгілері: бойы 175-180 сантиметр, арық дене бітімі, шашы қара, қысқа. Қара күртеше мен ашық түсті джинсы киген. Өзімен бірге ұялы телефоны да болды.

Еріктілердің айтуынша, ер адамның денесі көлігін тастап кеткен жерден алыс емес жерде қамыстан табылған. Өлімнің нақты себебін сот-медициналық сараптама анықтайды.

Related posts

Атырау облысының ауылында белгісіз жыртқыш мал сояды

Министр адам төзгісіз жүктемені бастан кешіріп жатқан дәрігерлердің есімдерін атады

Қытайда пара алған шенеунік өлім жазасына кесілді

Leave a Comment