Жаңалықтар Қоғам Түркістан

ТҮРКІСТАН: БӘЙДІБЕКТЕ ЕЛДІ МЕКЕНДЕРДІ КӨГАЛДАНДЫРУ БОЙЫНША СЕМИНАР ӨТТІ

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасына сәйкес, облыстық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының бастамасымен елді мекендерді көгалдандыру бағытында барлық аудан-қалалардың әкімдіктерінде семинар-кеңес өтіп жатыр. Соның бірі Бәйдібек ауданында ұйымдастырылды. Ауданға қарасты Жарықбас елді мекенінде орналасқан тұқымбақта «Облыстың елді мекендерін көгалдандыру шарасының іске асырылу барысы бойынша» аймақтық біріктірілген семинар-кеңес өтті. Семинар-кеңеске Түркістан облысы табиғи ресустар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Қайрат Абдуалиев, Бәйдібек ауданы әкімінің орынбасары Бағдат Жанғазиев, Созақ, Сауран, Отырар, Ордабасы аудандары мен Кентау қаласы әкімінің орынбасарлары, жауапты мамандар, орман шаруашылығы мекеме директорлары мен сала мамандары қатысты.
Семинарда елді мекендерді көгалдандыру жұмыстарының орындалу барысы бойынша басқарма басшысы Қайрат Абдуалиев баяндама жасады. Оның айтуынша, Мемлекет басшысының Жолдауында жалпы республика бойынша елді мекендерде 15 млн көшет егу тапсырмасына сәйкес, 2021-2025 жылдар аралығында Түркістан облысында 1,5 млн көшет отырғызу жоспарланған. Бүгінде аталған іс-шара аясында өңіріміздегі 800-ден астам елді мекеннің шамамен 90 пайызын көгалдандыру үшін 4 млн-нан астам көшет егу көзделуде.
Одан бөлек, ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің өңірімізге іссапары кезінде, мамандардың және ғалымдардың нұсқамасына сәйкес, көгалдандыру жұмыстары барысында елді мекендердің аумағына, кіреберіс қақпалары мен жол бойларына жергілікті көнімділігі жоғары көшет түрлерін егу ұсынылып, ал қылқан жапырақты (сосна, ель, кедр) сәндік ағаштарды арнайы ғимараттар мен мекемелердің алдыңғы беттеріне егу тәжірибесін қолдану дұрыс екендігі айтылды. Осыған байланысты, аудан, қала әкімдіктеріне жергілікті көнімділігі жоғары көшет түрлері мен гүлді ағаштарды босату жұмыстары жүргізілуде. 2023 жылы аудан, қала әкімдіктеріне жалпы 1 милдионнан астам көшет, оның ішінде 101 573 дана гүлді ағаштар тегін үлестірілген болатын. Биыл көктем айларында жоспарға сәйкес 522 935 дана көшет, оның ішінде гүлді ағаштардың 5500 түбі егіледі деп күтілуде.
Өз кезегінде Бәйдібек ауданы әкімінің орынбасары Бағдат Жанғазиев ауданда көгалдандыру бойынша атқарылып жатқан жұмыстарды атап өтті.
Бәйдібек ауданында 2023 жылдың көктем-күз айларында 45 200 дана ағаш көшеттерін отырғызу жұмыстары жоспарланып, толық орындалды. Биыл көктем айларында аудандағы елді мекендерді көгалдандыру бойынша 11 ауылдық округінде 23 300 дана ағаш көшеттерін отырғызу жұмыстары жоспарланып отыр. Қазіргі таңда Алмалы ауылдық округіне қарасты Жарықбас және Бәйдібек ата елді мекендерінде 4 500 дана арша, 4 500 дана туя книжный, 3 960 жеміс көшеттерін отырғызу жұмыстары жүргізілуде. Ал қалған 10 ауылдық округтерінің аумағында 10 340 дана қара тал көшеттері отырғызылуда.
Іс-шара барысында «Сырдария-Түркістан» мемлекеттік өңірлік табиғи паркі коммуналдық мемлекеттік мекемесіне қарасты Боралдай филиалындағы тұқымбақты аралап көрді. Онда өндіріліп жатқан көшеттердің түрлері мен атқарылып жатқан жұмыстары таныстырылып, көшеттерді егу және күтіп баптау мәселелері теориялық тұрғыда талқыланып, жан-жақты түсіндірілді. Сондай-ақ Бәйдібек ауданының көгалдандыру жұмыстарының барысы мен Бәйдібек ата елді мекеніндегі гүлзарларда отырғызылып жатқан көшеттердің көнімділігі мен көгалдандыру жұмыстарын бақылады.
Қазіргі таңда Бәйдібек ата елді мекенін көгалдандыру мақсатында басқарма тарапынан тегін үлестіріліп берілген 100 түп туя, 1000 түп сары өрік және 3960 дана әртүрлі көшеттерді егу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Осы орайда семинар-кеңеске қатысушылар шара аясында туя, сары өрік, тағы басқа әртүрлі көшеттерді отырғызды.
Айта кетейік, 4 гектарды құрайтын тұқымбақтан өткен жылдың күз айларында Түркістан қаласы және оның айналасындағы ауылдарды көгалдандыруға 39 мыңға жуық көшет үлестірілген болатын. Биыл мекеме тұқымбағында 197 мың дана көшет жайқалып тұр. Қазіргі таңда тұқымбақта стандартты 40,3 мың дана көшет тиісті орындарға жіберуге дайын.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

22 наурызда ұлттық киімді Петропавл тұрғындары автобустармен тегін жүре алады

САРБАЗДАР ҚЫЗМЕТІН АЯҚТАДЫ

ТҮРКІСТАН: ТҮЛКІБАСТА АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫ ӨЗ АУЫЛЫН КӨГАЛДАНДЫРУҒА ЕРЕКШЕ ҮЛЕС ҚОСТЫ

Пікір қалдырыңыз