Жаңалықтар Қоғам

Тоқаев скрипкашы Жәмилә Серкебаевамен кездесті

Тоқаев скрипкашы Жәмилә Серкебаевамен кездесті, деп хабарлайды Aspan.info тілшісі Ақордаға сілтеме жасай отырып.

Белгілі композитор және орындаушымен кездесу барысында Алматының мәдени өмірінің жай-күйі, сондай-ақ Қазақстандағы классикалық музыканың даму перспективалары туралы пікір алмасылды.

Президент Жәмили Серкебаеваның дарыны мен кәсібилігін жоғары бағалап, оның тек елімізде ғана емес, шетелде де лайықты танылуға қол жеткізгенін атап өтті.

Серкебаева Президентке музыка өнерін қолдағаны үшін алғыс айтып, еліміздің музыкалық инфрақұрылымын жетілдіру жөніндегі ұсыныстарымен бөлісті.

Бұған дейін Мемлекет басшысы Жания Әубәкіровамен кездесті.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Қасым-Жомарт Тоқаев Армения Президенті Ваагн Хачатурянмен кездесті

Бәрі элита үшін ме? Көшедегі шамдардың орналасуы Ақтау тұрғындарын таң қалдырды

Семейдегі су тасқыны: Төтенше жағдайлар министрлігі қаладағы жағдай туралы айтты

Пікір қалдырыңыз