Жаңалықтар Қоғам Түркістан

ТҮРКІСТАН: КЕНТАУДАҒЫ НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІНДЕ 1 ТОННА БАУЫРСАҚ ПЕН 1 ТОННА НАУРЫЗ КӨЖЕ ТАРАТЫЛДЫ

Кентау қаласында Наурыз мерекесі дәстүрлі түрде ұлттық ойындармен, түрлі қойылымдар және қызықты концерттік бағдарламалармен аталып өтті. Қаладағы Ынтымақ алаңына 10-ға жуық киіз үй тігіліп, әрбір киіз үйдің алдында мерекелік әуендер шырқалып, салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар дәріптелді.
Одан бөлек ұлттық тағамдар байқауы өткізіліп, ұмыт болып бара жатқан тағамдардың түр-түрі әзірленді. Мерекеге арналған 1 тонна бауырсақ, 1 тонна наурыз көже әзірленіп, келген қонақтар мен қала тұрғындарына таратылды.
Шуақты мерекеде қала әкімі Жандос Тасов қала тұрғындарын мерекемен құттықтап, жылы лебізін білдірді.
Қала басшысы алаңдағы киіз үйлерді зиялы қауымдармен бірге аралап, түрлі ұлттық ойындарды тамашалады. Бірі қошқар көтеруден, бірі гір тасын көтеріп сынға түссе, енді топтасқан мықты жігіттер арқан тартысып, ала алашада күрестен сынға түсті.
Жандос Тасов дәстүрге сай сәбидің тұсауын кесіп, басқан қадамына жақсылық тіледі. Мерекеге арнайлап құрылған киіз үйлердің арасында өткен байқаудың нәтижесі жарияланып, нағыз құндылығымызды дәріптейтін, барынша өрнектеліп әзірленген киіз үйлер үздік атанып, марапаттарға ие болды.
Мерекелік шара қалалық Ш.Қалдаяқов атындағы мәдениет сарайының өнерпаздары әзірлеген концерттік бағдарламаға ұласты.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Related posts

Франция Ресейге Олимпиада ойындары кезінде Украинадағы атысты тоқтатуды ұсынады

Алматыдағы Сайран көлінде Қызыл кітапқа енген аққұтан өлтірілді

ТҮРКІСТАН: ОРДАБАСЫДА НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІ КЕҢ КӨЛЕМДЕ АТАЛЫП ӨТТІ

Leave a Comment