Жаңалықтар Қоғам Түркістан

ТҮРКІСТАН: САРЫАҒАШТА НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІ КЕҢ КӨЛЕМДЕ АТАЛЫП ӨТТІ

Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесі Сарыағаш ауданында жоғары деңгейде өтті. Аудан орталығының алаңына киіз үйлер тігіліп, алаң мерекеге сай безендірілді.
Наурыз мерекесіне арналған салтанатты іс-шараға аудан әкімі Арман Абдуллаев пен аудандық мәслихат төрағасы Смайыл Тасқұлов көпшілікті наурыз мерекесімен құттықтады. Ал, аудандық ардагерлер ұйымының төрағасы Мұстафа Сүлейменов ақ батасын берді.
Мерекеге орай әрбір киіз үйде ұйымдастырылған «Құрсақ шашу», «Ерулік», «Бесікке салу», «Сырға салу», «Тілашар», «Қыз ұзату», «Ілу салу», «Асату» секілді ұлттық дәстүрлерді аудан тұрғындары тамашалады. Сонымен қатар «Тұсау кесер» дәстүрі бойынша сәбидің тұсауы кесіліп, ақсақалдар ақ батасын беріп, қадамына сәттілік тіледі. Қазақтың салт-дәстүрлері, ұлттық киімі, тағамы, ою өрнегі шараның шырайын аша түсті. Мерекелік көңіл-күй сыйлап, қаймағы бұзылмаған қазақы дәстүрдің айшықты бейнесі көрсетілген шарада қонақтар мен ақ жаулықты аналар лебіздерін білдірді. Сондай-ақ Наурыз мейрамын атап өтуге арналған 10 күндік іс-шара жоспары аясында «Жеңіс» саябағында ұлттық спорттық ойындарды насихаттау мақсатында жастар алтыбақан теуіп, балалар асық ойнады.
Осы күні ауданда Наурызнама онкүндігінің жетінші күніне орай, 20 наурыз – Ұлттық спорт күні кеңінен аталып өтті. Жастар мен жасөспірімдер арасында аударыспақ, жамбы ату, дәстүрлі садақ ату, теңге ілу, асық ату, ләңгі тебуден, сонымен қатар арқан тарту, қол күресі, гір тасын көтеру, асық ату спорт түрлеріне жарыс өткізілді. Жарыстың қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер марапатталды.
Мерекені тамашалауға келген қонақтарға аудан өнерпаздары арнайы концерттік бағдарламамен мерекелiк көңiл-күй сыйлады.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Related posts

Ресейде қазақстандықтар мен қауіпсіздік күштері арасындағы атыс болды: ҰҚК мәлімдеме жасады

Қазақстанда тағы да саусақ ізін тапсыру міндеттелуі мүмкін

Қазақстан Парламенті вейптерге тыйым салу туралы заңды қабылдады

Leave a Comment