Жаңалықтар Қоғам Түркістан

ДАРХАН САТЫБАЛДЫ ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫН ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКПЕН АРАЛАДЫ

Наурыз мерекесі қарсаңында туристік маусым ашылған Түркістанға келушілер саны көбейді. Қаланың тазалығын басты назарда ұстайтын Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды облыс орталығындағы тазалықты сақтау және көгалдандыру, көпқабатты тұрғын үйлердің қасбеттерін ретке келтіру жұмыстарын тексерді. Қала аумағындағы 28 көшені ретке келтіру жұмыстарын қадағалап шықты.
Атқарылып жатқан жұмыстар туралы Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбеков баяндады.
Қаланы қоғамдық көлікпен аралап шыққан облыс әкімі жол бойында кездескен проблемаларға қатысты жауаптыларға нақты тапсырма беріп отырды. Шаһарды көгалдандыру және абаттандыру жұмыстарына қатысты сын-ескертпелер айтты. Тазалық жұмыстарына күш салуды, қоғамдық орындар мен қала көшелерінде гүлдерді көптеп егуді тапсырды.
Бүгінгі таңда 18 көшенің қоқыстарын тазалап, нысандарды әктеп-сырлау жұмыстары толық аяқталған. Анықталған кемшіліктер бойынша ретке келтіру жұмыстары жалғасуда. Жалпы 1500-ге жуық нысан ретке келтіріледі.
Өңір басшысы жауаптыларға қаланың инфрақұрылымын жақсарту, көшелерді жөндеу, абаттандыру жұмыстарын сапалы атқару жөнінде тапсырмалар берді. Бұл жұмыстар қатаң бақылауға алынады.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Related posts

ШЫМКЕНТТІК БАЛУАНДАР ПАРИЖДЕГІ ОЛИМПИАДА ОЙЫНДАРЫНА ЛИЦЕНЗИЯ АЛУ ҮШІН ТАЛАСАДЫ

Шольц Крым көпіріндегі зымыран соққысы туралы неміс әскерилері арасындағы әңгіменің таралуына түсініктеме берді.

ТҮРКИЯ ЕЛШІСІ ТҮРКІСТАНДАҒЫ ӨЗГЕРІСТЕРГЕ ЖОҒАРЫ БАҒАСЫН БЕРДІ

Leave a Comment