Жаңалықтар Қоғам Шымкент

ТҮРКІСТАН: КЕЛЕСТЕ ҚАЗЫНАЛЫ ҚАРТТАРҒА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТЕТІН ОРТАЛЫҚ АШЫЛДЫ

Келес ауданында Әз-Наурыз мерекесі қарсаңында «Қазыналы қария – тең қоғам» әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының Ақтөбе ауылдық округіне қарасты бөлімшесі ашылды. Аудан тұрғындарының өтініші негізінде ашылған қарттар мен ерекше жандарға әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының салтанатты ашылу шарасына аудан әкімі Жәнібек Ағыбаев қатысып, жиналғандарды мерекемен құттықтады.
Егде жастағы және мүмкіндігі шектеулі азаматтарымызға арналған мекеме филиалының ашылу салтанатына аудандық мәслихаттың төрағасы Нұржан Шаулиев, аудан әкімінің орынбасары Даурен Сариев пен аудан әкімі аппаратының басшысы Бақтияр Абдрахманов қатысты.
Айта кетейік, Келес ауданында әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының саны артып келеді. 2022 жылы аудан орталығында «Қазыналы қария – тең қоғам» атты әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы ашылған болатын. Мекеме алғашқы күннен бастап егде жастағы қарияларға және мүмкіндігі шектеулі жандарға қызмет көрсетіп, өңірдегі шалғай ауылдардың тұрғындарынан сұраныс артты. Келес ауданында екінші жаңадан ашылған Ақтөбе, Бірлесу, Жүзімдік және Бірлік ауылдық округтерінің барша қарияларына және мүмкіндігі шектеулі азаматтарына қызмет көрсетеді. Мұнда келушілер уақыттарын тиімді, көңілді өткізіп, емдік және спорттық сауаттылықтарын арттырып, көңілді орта табады.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Related posts

Өзбекстаннан қонаққа келген: Шымкентте полицейлер жоғалған баланы туыстарына қайтарды

ҚАЗАҚТА КЕЛ ДЕМЕК БАР, КЕТ ДЕМЕК ЖОҚ!

Жедел жәрдем жүргізушісін ұрып-соғу: Нұрболат Дәкебаевтың соты басталды

Leave a Comment