Жаңалықтар Қоғам Шымкент

ТҮРКІСТАНДА «ҰЛТТЫҚ КИІМ – ҰЛТ АЙНАСЫ» АТТЫ ІС-ШАРА ӨТТІ

Бүгін 18 наурыз – Ұлттық киім күні. Осыған орай «Ұлы Дала Елі» орталығында Түркістан қалалық Мәдениет үйінің ұйымдастыруымен «Ұлттық киім – ұлт айнасы» тақырыбында іс-шара өтті. Шараға ақ жаулықты әжелер мен қала тұрғындары қатысты.
Қазақ мәдениетінде қайталанбас орны бар саланың бірі – ұлттық киімдер. Өзінің әсемдігімен, түстерінің үйлесімділігімен, мағыналы оюларымен ерекшеленетін қазақи стиль қашан да менмін деген сән кутьюрелері мен әлем жұлдыздарының ыстық ықыласына бөленуде. Бүгінде осы ұлттық киімдерімізді дәріптеп, насихаттаған шарада «Асатаяқ» биімен сахна шымылдығы ашылса, «Наурыз амал» әні орындалды. «Яссы» халықтық этно-фольклорлық ансамблі күмбірлеген күйлерін төгіп, мерекенің ажарын ашты.
Шара барысында киелі қаладағы «Белсенді өмір сүру» орталығының әже-аналары ақ кимешектері мен түрлі ою-нақыштары бейнеленген киімдерімен сән үлгісін көрсетті. Ал мәдениет үйінің бишілері ырғақпен көпшілікке таныстыру мақсатында қазақ халқының этно стильдегі ұлттық киім үлгілерінің топтамасын ұсынды. Шара соңы өңірімізге белгілі өнерпаздардың концерттік бағдарламасына ұласты.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Related posts

Тыныштықты сақтау: Қорғаныс министрлігі қазақстандықтарға жүгінді

Қазақстандағы су тасқыны: Тоқаев министрлер мен әкімдерге қатаң сөгіс жариялады

Қазақстан мұнай өндіруді ерікті түрде қысқарту мерзімін ұзартады

Leave a Comment