Жаңалықтар Қоғам Шымкент

ТҮРКІСТАН: АРЫСТА ҰЛТТЫҚ КИІМНІҢ СӘН ШЕРУІ ӨТТІ

Наурызнаманың онкүндігінде еліміздің барлық өңірінде ұлттық киімдерді насихаттауға бағытталған түрлі іс-шаралар өтуде. Айтулы күнге орай, Арыста қалалық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен «Ұлттық киімдер шеруі» өтті.
Қалалық мәдениет үйінің өнерпаздары, сондай-ақ №17 колледж студенттерінің бастамасымен үкілі кәмшат, бүрмелі көйлек пен кимешекті аналар және шапан киген ерлер ұлттық киімдерді паш етті. Мерекелік шеруде белгілі ісмер Гүлмира Үсенбаеваның кішкентай бүлдіршіндерге арналған ұлттық нақыштағы сәндік киімдері де көрсетілді. Шара барысында колледж студенттері ұлттық нақыштағы киімдерді өздері дипломдық жұмыс ретінде тіккен. Осылайша болашақ маман иелері жылдағы наурыз мерекесін ерекше атап өтуді ұйғарған.
«Ең әдемі киім – ұлтыңның киімі», – деп ұлы адамдар бекер айтпаса керек-ті. Қазақтың ұлттық киімдерінің түрі де, үлгісі де әсемдігімен ерекшеленеді. Тәуелсіз елімізде ұлттық сананы өрістетемін дегендерге ерекше қолдау көрсетіле береді.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Related posts

Америкалық газет Ердоғанның ықтимал мұрагерін атады

Жетісуда халықаралық әуежай салынады

Арменияда полиция учаскесіне жасалған шабуылдың себебін атады — БАҚ

Leave a Comment