Жаңалықтар Қоғам

Әлеуметтік желілерде Рудный қаласындағы мектептерге шабуыл жасалатыны туралы ақпарат таратылды

Рудный қаласында белгісіз адам әлеуметтік желілерде мектептерге шабуыл жасалатыны туралы ақпарат таратты. Бұл туралы Рудный полиция басқармасынан хабарлады Aspan.info
«Құрметті Рудный қаласының тұрғындары. Әлеуметтік желілерде мектептердің бірінде белгісіз адамдар қылмыс дайындап жатқаны туралы көрінеу жалған ақпарат таратылуда.
Бұл факт полицияда тіркелген. Жарияланымның авторын анықтау бойынша тиісті іс-шаралар жүргізілуде «, — делінген хабарламада. Полиция азаматтардан арандатушылыққа, жалған хабарламаларды таратпауды және тек ресми деректерге ғана сенуді сұрады. Тәртіп сақшылары жалған ақпарат таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын еске салды.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ТҮРКІСТАНДА «ЖАЙЛЫ МЕКТЕП» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА КӨРМЕ ӨТТІ

Қазақстанда 200 мың теңге жалақыға қандай зейнетақы төленеді?

Басқа елдерден келген этникалық қазақтарға 55 «Ата жолы» картасы берілді

Пікір қалдырыңыз