Жаңалықтар Қоғам

Екі астаналық криптобиржадан заңсыз түрде жеті миллиард теңгеден астам табыс тапты

Аса ірі көлемде табыс табумен заңсыз кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырған Астана қаласының тұрғындарына қатысты үкім заңды күшіне енді, деп хабарлайды Aspan.info елордалық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

2023 жылғы 27 желтоқсанда Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты АХҚО-да тіркеусіз және лицензиясыз заңсыз кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру фактісі бойынша екі астаналықты соттады.

«Қ. мен С. алдын ала сөз байласу арқылы 01.02.2021- 10.02.2023 аралығында Астана аумағында заңсыз ақшалай сыйақы үшін USDT — Binance платформасында сандық активтерді айырбастау бойынша заңсыз кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырып, аса ірі көлемде жеті миллиард теңгеден астам табыс табғаны анықталды», — делінген сот хабарламасында.

Сот үкімімен іске қатысқандар ҚР ҚК 214-бабында, 2-бөлігінде, 2-тармағында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылды және олардың қылмыс жасаудағы рөлін ескере отырып, сотталды:

  • К. — үш жылға бас бостандығынан айыруға;
  • С. — екі жыл алты айға бас бостандығынан айыруға.

Сотталғандарға ҚР ҚК 50-бабына сәйкес қамтамасыз етілмеген цифрлық активтердің айналымына байланысты қызметпен айналысу құқығынан айыру түрінде жеті жыл мерзімге қосымша жаза тағайындалды.

Бұл үкіммен келіспеген сотталғандар мен олардың адвокаттары шағымданып, оларды ақтауды өтінді.

Алайда үкім өзгеріссіз қалдырылды және заңды күшіне енді, өйткені сотталғандардың кінәсі куәлардың айғақтарымен, Binance платформасындағы әмияндар бойынша мәліметтермен, сараптама қорытындысымен, сондай-ақ жасырын тергеу әрекеттерімен дәлелденді.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Қазақ әйелі мысықты қорлағаны үшін жазаланды

Денсаулық сақтау вице-министрі Бейбіт Есенбаев отставкаға кету туралы өтініш берді.

Астанада, Шымкентте және бірқатар облыстарда дауылды ескерту жарияланды

Пікір қалдырыңыз