Жаңалықтар Қоғам

«Қатты қорықтық». Алматылық тұрғындар жер сілкінісіне тасаттық берді

Алматыда 150-ге жуық отбасы жер сілкінісінің алдын алу мақсатында қой сойып, құран оқытты. Көпқабатты үйдің тұрғындары жер сілкінісінен қатты шошынып қалған. Қорыққандары сонша — кейбірі молдаға оқытылса, енді бірі 5 уақыт намазға жығылыпты. Massaget.kz тілшісі тасаттық берген тұрғындармен тілдесіп қайтты.

Материалдың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы Massaget.kz сайтынан оқи аласыздар.

Гулбану Тойғанбаева — дәл осы игі бастаманы іске асырушылардың бірі. «Alma City» тұрғын үй кешенінде тұратын халықты ауызбіршілікке шақырған. Халықтан жиналған қаржыға құран оқытылып, құдайы тамақ беріліпті. Ақ дастархан басына жас пен жасамыс тегіс жиналған.

«Зілзаланың бір күнде барлығын жоқ қылатынына көзіміз жеткен соң, құдайы тамақ бердік. 150 отбасы тұратын 10 үйден белсенді бірігіп ұйымдастырдық. 2000 теңгеден жинадық. Көршілердің көбі жұмыста, келмеді. Дегенмен біреулер қой сойдырып әкелді, су әкелетін адам бөлек, ыдыс әкелетін адам бөлек деген секілді әркімнің өз міндеті болды. Үлкен қой алдырып, алдымен үлкендерге, кейін балаларға құдайы тамақ бердік», — дейді қала тұрғыны Гулбану Тойғанбаева.

Related posts

Семейдегі су тасқыны: Төтенше жағдайлар министрлігі қаладағы жағдай туралы айтты

«Балалар отбасылардан іріктеледі»: әлеуметтік желілердегі ақпаратқа министрлік жауап берді

Жер сілкінісін алдын ала болжау мүмкін емес — Төтенше жағдайлар министрлігінің басшысы

Leave a Comment