Жаңалықтар Қоғам Шымкент

АРЫСТАҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ УНИФАЙТ ДОДАСЫНДА ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ СПОРТШЫЛАРЫ ТОП ЖАРДЫ

Өңіріміздің спорттық мерейін асыруға арыстық спорт шеберлері де қомақты үлес қосты. Арыс қаласында 6-10 наурыз күндері аралығында ересектер және жасөспірімдер арасында Унифайттан Қазақстан Республикасының Кубогі өтті. Арыс қаласында орналасқан көпсалалы спорт кешенінде өткен республикалық дода бес күнге жалғасты. Байрақты бәсекеге Астана, Алматы, Шымкент қаласының спортшылары бақ сынады.
Унифайт, яғни әмбебап жекпе-жек атты спорт түрінің елімізде кеңінен таралып жатқанына 10 жылдан аса уақыт өтті. Сондықтан болар, қазіргі уақытта жастар арасында дәл осы спорт түріне қызығушылық аса жоғары. Соның айқын дәлелі – қаламызда өткен республикалық турнирге еліміздің түкпір-түкпірінен 234 спортшы қатысты.
Турнирдің ашылу салтанатында Арыс қаласы әкімінің орынбасары Алмаз Сұлтанов көпшілікті спорттық мерекемен құттықтап, қатысушыларға сәттілік тіледі. Турнирдің шарты бойынша әр жас тобында кемінде 2 спортшының қатысуымен жеке есепте өткізіледі, және әр санат команда құрамына әр облыстан жаттықтырушылар және 2 төрешіден қатысты. Турнир әдеттегідей спортшылардың рухын көтеру мақсатында еліміздің әнұранымен басталды.
Әмбебап жекпе-жектің өзге спорт түрінен айырмашылығы мұнда жауынгерлік тәсілдер көбірек қолданылады. Сондықтан спортшылар аты айтып тұрғандай әмбебап болуы қажет.
Турнир қорытындысы бойынша жалпыкомандалық есепте Түркістан облысы бірінші орынды иеленсе, екінші орын Шымкент қаласының спортшыларына бұйырды. Ал үшінші орынды Ақтөбе спортшылары иеленді.
Жарысқа, жалпы Түркістан облысынан 34 спортшы қатысып, өңіріміздің спорт майталмандары 13 алтын, 4 күміс, 6 қола жүлде жеңіп алды. Оның ішінде, Арыстың айбынды спортшылары 6 алтын, 1 күміс, 2 қола медаль жеңіп алып, облыстың мерейін үстем етті.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ТҮРКІСТАН: АРЫСТА ҚАЛА ӘКІМІ ЕЛ АҒАЛАРЫМЕН БІРГЕ АҒАШ КӨШЕТТЕРІН ОТЫРҒЫЗДЫ

ТҮРКІСТАНДА «ЖАЙЛЫ МЕКТЕП» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА КӨРМЕ ӨТТІ

ҚАЛА ӘКІМІ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫН ДИАЛОГ АЛАҢЫНА АЙНАЛДЫРУДЫ ҰСЫНДЫ

Пікір қалдырыңыз