Жаңалықтар Қоғам

Қазақстан Apple компаниясымен келіссөз жүргізіп жатыр

Қазақстан америкалық Apple компаниясымен келіссөз жүргізіп жатыр. Бұл туралы Aspan,info тілшісіне Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі хабарлады. Келіссөздер Қазақстанда Apple компаниясының ресми кеңсесін ашуға қатысты. Елімізде Apple кеңсесін ашу мәселесі Алматыда ағымдағы жылдың 23 қаңтарында болған жер сілкінісінен кейін туындаған болатын. Содан кейін iPhone қолданушылары смартфондарына хабарлама алмаған. Айта кетейік, 2021 жылы Өзбекстанда Apple және Netflix өкілдіктерін ашу туралы ақпарат кеңінен талқыланған болатын. Содан кейін олар белгілі әлемдік компаниялардың Өзбекстанда ресми тіркеліп, кеңселерін ашуды жоспарлап жатқанын айтты. Алайда, содан бері бұл туралы ешқандай ақпарат жоқ. Егер Apple Қазақстанда өкілдігін ашса, Орталық Азияда бірінші болады. Бұрын Apple компаниясының кеңсесі Мәскеуде болған, бірақ Украинада соғыс басталғаннан кейін бірден компания Ресейден кетіп, өнім жеткізуді тоқтатты. Еске салайық, Қазақстанның Microsoft, Google, Amazon компанияларымен суперкомпьютер жасау бойынша келіссөздер жүргізіп жатқаны туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтқан болатынбыз.

Related posts

ДАРХАН САТЫБАЛДЫ СУ БАСУ ҚАУПІ БАСЫМ АЙМАҚТАРДЫ АРАЛАДЫ

Израильдің Премьер-министрі өз өкілеттігін уақытша береді

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ӨТІНІШІН ТЫҢДАДЫ

Leave a Comment