Жаңалықтар Қоғам

«Нетаньяхудың Газаға қатысты әрекеттері Израильге көмектесуден гөрі көбірек зиян келтіруде» — Байден

АҚШ президенті Джо Байден Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяхудың Газа секторындағы операцияға байланысты әрекеттері туралы айтты, — деп хабарлайды Aspan.info. Байден «Нетаньяхудың Газаға қатысты әрекеттері Израильге көмектесуден гөрі оған зиянын тигізіп, бүкіл әлемді Тель-Авивке қарсы қоюда» деді.
«Оның (Нетаньяху) Израильді қорғауға, ХАМАС-ты қудалауды жалғастыруға құқығы бар, бірақ ол жасалған әрекеттердің салдарынан қаза тапқан жазықсыз адамдардың өліміне көбірек көңіл бөлуі керек. Менің ойымша, ол Израильге зиянын тигізуде. Оған көмектесуден де артық».
Бұған дейін ұшақтар тастаған гуманитарлық көмек жәшіктері Газада көмек күткен палестиналықтардың қаза тапқаны хабарланған болатын. 7 қазаннан бері Израильдің Газа секторына жасаған шабуылдарынан 30 800 палестиналық, оның ішінде кемінде 13 430 бала қаза тауып, 72 298-і жараланған.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Шымкенттен шығып кеткен 54 жолаушысы бар автобус тас жолда аударылып кетті

Францияда Мәскеудегі лаңкестік шабуылдан кейін террористік қауіптің ең жоғары деңгейі енгізілді

Тоқаевқа армияның жауынгерлік әзірлігінің жай-күйі туралы баяндалды

Пікір қалдырыңыз