Президент Тоқаев Әзербайжанға мемлекеттік сапармен барады, — деп хабарлайды Aspan.info тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
11-12 наурызда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжан Республикасына мемлекеттік сапармен барады.
«Сапар аясында Мемлекет басшысы Президент Ильхам Әлиевпен келіссөздер жүргізеді және Қазақстан-Әзербайжан Жоғары мемлекетаралық кеңесінің бірінші отырысына қатысады», — делінген Ақорданың хабарламасында.
Еске салайық, 2023 жылғы қарашада Қазақстан Президенті БҰҰ-ның Орталық Азия экономикаларына арналған Арнайы бағдарламасының (СПЕКА) Саммитіне қатысу үшін Бакуге жұмыс сапарымен келген болатын. Келіссөздер барысында Ильхам Әлиев Қасым-Жомарт Тоқаевты 2024 жылы Әзербайжанға мемлекеттік сапармен баруға шақырды.
Одан кейін, кездесу барысында мемлекет басшылары Каспий теңізінің түбін бойлай талшықты-оптикалық байланыс желісін (ТОБЖ) салу, Қазақстан мұнайын жеткізуді ұлғайту сияқты маңызды салалардағы бірлескен жұмыстарды жандандыру мүмкіндігін талқылады. Әзірбайжан аумағы, Транскаспий халықаралық көлік бағытын дамыту, сондай-ақ энергетика және жаңартылатын энергия көздері саласындағы перспективалық жобаларды жүзеге асыру.
Сондай-ақ бауырлас халықтар арасындағы мәдени-гуманитарлық байланысты одан әрі нығайтуға ерекше көңіл бөлінді.