Жаңалықтар Қоғам

Астанада және бірқатар облыстарда дауылды ескерту жарияланды

Синоптиктер Қазақстанда 10 наурызда ауа райы қолайсыз болатынын ескертеді: Астанада және еліміздің бірқатар аймақтарында дауылды ескерту жарияланды, — деп хабарлайды Aspan.info тілшісі «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

10 наурызда Астанада қар, жаңбыр, көктайғақ, тұман күтіледі. Батыстан, оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні секундына 15-20 метр.

Ақмола облысында түнде жауын-шашын, күндіз облыстың солтүстік-батысында және шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігі мен шығысында қарлы боран соғады. Облыстың батысында, оңтүстігінде және шығысында тұман түседі. Облыстың солтүстігі мен шығысында батыстан, оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні секундына 25 метрге жетеді.

Қызылорда облысының орталығында тұман күтіледі. Батыстан жел соғады, түнде облыс орталығында Қызылордада секундына 15-20 метрге дейін жетеді. Сондай-ақ тұман күтіледі.

Семейде оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Оңтүстікте, Түркістан облысының таулы және тау бөктеріндегі аудандарында кей жерлерде қатты жаңбыр жауып, күн күркірейді. Облыстың таулы аймақтарында оңтүстік-батыстан соғатын жел секундына 15-20 метрге дейін жетеді.

Шымкентте қатты жаңбыр жауып, күн күркірейді.

Солтүстік Қазақстан облысында қар жауады деп күтілуде. Сондай-ақ облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде және шығысында қар жауып, көктайғақ болады. Түнде және таңертең облыстың солтүстік-батысында тұман түседі. Күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді. Петропавлда қарлы боран соғады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді.

Өскеменде оңтүстіктен жел соғады, екпіні секундына 20 метрге жетеді.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігі мен батысында тұман, көктайғақ күтіледі. Оралда да көктайғақ күтіледі.

Павлодар облысында, атап айтқанда, Павлодарда түнде жауын-шашын – қар жауып, жаңбыр жауады (негізінен солтүстікте және шығыста). Желдің екпіні секундына 23 метрге дейін жетеді.

Қостанай облысының батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде қар жауып, тұман күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстігінде көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 20 метрге жетеді.

Related posts

Ақтөбе облысында ит құдықтан құтқарылды

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА МАҢЫЗДЫ МӘДЕНИ-ТУРИСТІК ІС-ШАРАЛАР ӨТЕДІ

Күміс жүлдегер Демеу Жадыраевтың ауылындағы көшерлерге не себепті асфальт төселмегені белгілі болды

Leave a Comment