Жаңалықтар Қоғам

Қазақстандықтар туралы тыңшылық деректер: ҰҚК нені анықтады

Ұлттық қауіпсіздік комитеті қазақстандықтардың деректерінің сыртқа шығуына қатысты тергеу туралы айтты, — деп хабарлайды Aspan.info тілшісі. Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қазақстан азаматтарының жеке деректерін жариялауға шетелдік барлау қызметінің қатысы анықталмағанын хабарлады.
«Сонымен бірге, бұрын сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 210-бабының 2-бөлігі («Зиянды компьютерлік бағдарламаларды жасау, пайдалану немесе тарату») бойынша тіркелген үш қылмыстық іс шеңберінде және бағдарламалық өнімдер») Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қазақстан Республикасы ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының маңызды объектілеріне қатысты зиянды компьютерлік бағдарламалар мен бағдарламалық өнімдерді жасау, пайдалану немесе тарату фактілерін тексереді», — делінген хабарламада.
Аталған сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің деректері Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес, жария етуге жатпайды. Шпиондық деректер тарады: қай қазақстандық «тыныш ұйықтай алады» Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін БАҚ-та қазақстандықтар туралы тыңшылық деректердің желіге тарап кеткені туралы ақпарат тараған болатын. Кейін Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Ұлттық қауіпсіздік комитетімен бірге келіп түскен материалдарды талдап жатқанын хабарлады.

Related posts

Есілдегі көлік жуу орнында полицей мен азаматтық азамат көліктен өлі күйінде табылды

Шымкент қаласының Түркістан көшесіндегі тұрғын үйдің бірінде түн ортасында Өрт шықты

Алматыда дауылдың салдары бағаланды

Leave a Comment