Жаңа депутат Мәжілісте ант қабылдады
Сот әкімшілігі басшысының бұрынғы орынбасары Нұрсұлтан Байтілесов Парламент Мәжілісінің жаңа депутаты болды. Ол жақында қызметінен кеткен Мәди Тәкиевтің орнына келді, — деп хабарлайды Aspan.info тілшісі.
Мәжілістің жалпы отырысында Байтілесов ант қабылдады. «Аманат» партиясынан депутат болып сайланды.
«Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Қазақстан Республикасының тұтастығы мен тәуелсіздігін нығайтуға, оның Конституциясы мен заңдарын бұлжытпай орындауға, маған жүктелген депутаттық жоғары міндеттерді адал атқаруға ант етемін», — деді депутат. айтты.
Сонымен қатар, Нұрсұлтан Байтілесов Мәжілістің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі болып сайланды.
Нұрсұлтан Байтілесов Оңтүстік Қазақстанда дүниеге келген, жасы 33-те. Білімі бойынша заңгер. Осы жылдары Астана, Атырау және Атырау облысының аудандық соттарында қызмет атқарған. 2016-2018 жылдары Әскери соттың әкімшісінің басшысы болды. Ол Жоғарғы Сотта да қызмет етті.
2023 жылдың ақпанынан 2024 жылдың наурызына дейін Қазақстан сот әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары болды.
Естеріңізге сала кетейік, жаңа қаржы министрі Мәди Тақиев ағымдағы жылдың 14 ақпанында Мәжіліс депутаты қызметінен мерзімінен бұрын кеткен болатын.