Есіле қаласында (Ақмола облысы) көлік жуу орнында Audi A6 көлігінен 28 және 29 жастағы екі ер адамның мәйіті табылды, — деп хабарлайды Aspan.info sinegor.kz сайтына сілтеме жасап.
Оқиға 5 наурыз күні болған. Полиция екеуінің де кім екенін анықтады. Қайтыс болғандардың бірі — Есіл аудандық ішкі істер бөлімінің уақытша ұстау изоляторында жұмыс істеген полиция сержанты. Екіншісі – жергілікті тұрғын.
Алдын ала мәлімет бойынша, зорлық-зомбылықпен өлім белгілері табылмаған.
Мәліметтер бойынша, екеуі де ес-түссіз болған. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.