Жаңалықтар Қоғам

«Сөздерің әдемі поэзия сияқты», — деп мақтады депутат министрге

Депутат Бақытжан Базарбек Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбекке әдеттен тыс қошемет айтты. Бұл бүгін Парламенттің төменгі палатасының жалпы отырысында болды, — деп хабарлайды Aspan.info тілшісі.

Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында Ғылым және жоғары білім министрі Нұрбек баяндама жасады. Мұнан соң депутаттар оған сұрақтар қоя бастады. Солардың бірі – мәжілісмен Бақытжан Базарбек әріптестеріне ұқсамай, Саясат Нұрбекке мақтау айтудан бастады.

«Ойбай, біздің министрлеріміз де сіздей шешен болса, барлық сауалымызға жауап алар едік, тыңдаймыз, сөздеріңіз әдемі поэзия сияқты», — деді депутат.

Бұл мәлімдеме залға жиналғандардың күлкілері мен көңілді реакцияларын тудырды. Алайда, министрдің өзі депутаттың мұндай мақтауына ешқандай реакция білдірмеді.

Айта кетейік, соңғы кездері Парламент қабырғасында депутаттар шақырылған үкімет өкілдерімен жиі айтысып жатады. Мәселен, жуырда Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов Туризм және спорт вице-министрі Мирас Төлебаевқа қатаң жауап берді. Бұл әлеуметтік саладағы сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселелерін талқылау барысында орын алды.

Өткен жылы Мәжілістің Аграрлық мәселелер комитетінің кеңейтілген отырысында Ауыл шаруашылығы вице-министрі Әбілқайыр Тамабек пен Мәжіліс депутаты, «Республика» партиясының жетекшісі Айдарбек Қожаназаров арасында кикілжің орын алған болатын. Жақында оның бір мүшесі қызметінен кетті.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ТҮРКІСТАН: ДАРХАН САТЫБАЛДЫ ШЕТЕЛДІК ИНВЕСТОРМЕН КЕЗДЕСТІ

Алматыда жер сілкінісінен кейін мектеп жарықшақтармен жабылды

Синоптиктер Алматы, Шымкент және тағы 3 қала тұрғындарына ескерту жасады

Пікір қалдырыңыз