Жаңалықтар Қоғам

Зорлады деп айыпталған Талдықорған полициясының бұрынғы басшысы сотта өзін нашар сезінді

Зорлады деп айыпталған Талдықорған қалалық ІІБ-нің бұрынғы бастығы сот барысында науқастанып қалды, — деп хабарлайды Aspan.info тілшісі.

Талдықорғанда полиция басқармасының бұрынғы басшысы Марат Күштібаевқа қатысты сот процесі жалғасуда. 5 наурызда кезекті сот отырысында сотталушының денсаулығы сыр беріп, жедел жәрдем дәрігерлері оны ауруханаға жатқызды.

«Жетісу облыстық сотының баспасөз қызметі сот отырысы кезінде сотталушы К.-ны жедел жәрдем көлігімен алып кеткені туралы ақпаратты растайды. Қазіргі уақытта сотталушы кардиологиялық орталықта дәрігерлердің бақылауында. Сондықтан сот отырысы кейінге қалдырылды»

Әлеуметтік желіде сотталушының ауруханаға түскен сәті түсірілген видео пайда болды.

Естеріңізге сала кетейік, Талдықорған қалалық ІІБ-ның бұрынғы басшысы Марат Күштібаевтың соты 2024 жылдың ақпан айында басталған болатын. Қылмыстық кодекстің 120-бабы, 2-бөлігі, 5-тармағы (Адамның қызметтік міндеттерін атқару кезінде жасаған зорлау) бойынша іс қаралып жатыр. Процесс жабық есік жағдайында өтеді.

Айта кетейік, 2023 жылдың қарашасында Талдықорған полициясының бастығы 27 жастағы әйелді зорлады деген күдікпен ұсталған болатын. Кейін жәбірленушінің адвокаты оқиғаның мән-жайын айтып берді. Оның айтуынша, 2023 жылдың 12 қарашасында ішкі істер бөліміне қоғамдық тәртіпті бұзды деген айыппен талдықорғандық әйел жеткізілген.

Related posts

ҰЛТТЫҚ СПОРТ РУХЫМЫЗДЫ АСҚАҚТАТТЫ

Алматыда тұрғын үй кешенінің 12-қабатынан әйел құлап кетті

ШЫМКЕНТТЕ ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕРДЕ ЖОЛ АҚЫСЫ КӨТЕРІЛМЕЙДІ

Leave a Comment