Әлем жаңалықтары Жаңалықтар Қоғам

Еуропа қалалары Алексей Навальныймен қоштасты

Жұма күні Мәскеуде жерленген ресейлік оппозиционер Алексей Навальныйдың рухына тағзым ету шарасы Еуропа қалаларында да өтті, — деп хабарлайды Aspan.info Euronews арнасына сілтеме жасап.

Парижде Трокадеро алаңындағы мемориалға гүлдер мен шамдар, Кремль сыншысының фотосуреттері мен Владимир Путинді айыптаған плакаттар әкелінді.

Басқа қалаларда Ресей елшіліктерінің жанынан уақытша ескерткіштер орнатылды. Белградта жүздеген адам «Батырлар ешқашан өлмейді» деген жазуы бар дуалға жиналды. Соғыс басталғаннан кейін он мыңдаған орыстар Сербияға қоныс аударды.

Римде белсенділер Ресей елшілігі орналасқан көшені «атын өзгертті». Олар көшедегі маңдайшаларға «Навальный көшесі» деген жазулар іліп қойды.

Римнің орталық көшелерінің біріне Навальныйдың есімін беру туралы бастаманы қала билігі қабылдамады, бірақ олар ресейлік саясаткердің есімін осылайша мәңгілікке қалдыру мүмкіндігін әлі де жоққа шығармайды.

Related posts

ТҮРКІСТАН: МӘМС ЖҮЙЕСІНЕ ТІРКЕУ, ЖҰҚПАЛЫ АУРУЛАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Гондурастың бұрынғы президенті есірткі саудагерлерімен байланысы үшін өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін

Алматы облысында әйеліне қол көтерген азамат ұсталды

Leave a Comment