Жаңалықтар Қоғам

Астанада, Шымкентте және бірқатар облыстарда дауылды ескерту жарияланды

Қазақстанның бірнеше облысында дауылды ескерту жарияланды, — деп хабарлайды Aspan.info тілшісі «Қазгидромет» сайтына сілтеме жасап.
Ақмола облысы. 3 наурызда Ақмола облысының солтүстігі мен шығысында бұрқасын күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде тұман күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігі мен шығысында оңтүстік-батысқа ауысады, екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Көкшетауда 03 наурызда солтүстік-батыстан соғатын жел, күндіз оңтүстік-батысқа ауысады, екпіні секундына 15 метр.

Жетісу облысы. 3 наурызда Жетісу облысының шығысында, орталығында, таулы аймақтарында кей жерлерде тұман күтіледі. Күндіз облыстың шығысында шығыстан соғатын желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Түркістан облысы. 3 наурызда Түркістан облысының оңтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктеріндегі аудандарында жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман күтіледі. Облыстың таулы аймақтарында оңтүстік-батыстан шығысқа ауысатын жел секундына 15-20 метрге жетеді. Түркістанда 3 наурызда түнде және таңертең жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман күтіледі.

Шымкентте 3 наурызда жауын-шашын (жаңбыр, қар), кей уақытта тұман күтіледі.

Астанада 2-3 наурызда түнде және таңертең тұман күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысы. 3 наурызда күндіз Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, оңтүстігінде және шығысында аздаған қар жауады, бұршақ жауады. Облыстың оңтүстік-батысында және оңтүстігінде тұман күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Петропавл: 3 наурызда күндіз қарлы боран күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Батыс Қазақстан облысы. 3 наурызда Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде тұман күтіледі. Оралда 3 наурызда түнде және таңертең тұман күтіледі.

Шығыс Қазақстан облысы. 2 наурыз сағат 20:00-ден 3 наурыз 20:00-ге дейін Өскемен, Риддер қалаларында екінші дәрежелі қолайсыз ауа райы туралы ескерту күшінде қалады.

Related posts

«Жұмыс жүргізілуде»: әкімдікте Қарқаралыда судың жетіспеушілігі жағдайы түсіндірілді

ТҮРКІСТАН: 3 ТӘУЛІКТЕ 47 ТОННА ДИЗЕЛЬ ОТЫНЫ ТӘРКІЛЕНДІ

Ал Астанада экс-министр Қуандық Бишімбаевтың соты жалғасып жатыр

Leave a Comment