aspan Жаңалықтар Қоғам

Полиция жалған нотариустың алаяқтық әрекетін әшкереледі

Шардара аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында бұрын алаяқтық қылмысы бойынша сотты болған 39 жастағы ер адамды ұстады — дейді AdiletTV тілшісі Түркістан облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Белгілі болғандай, күдікті жер телімі бойынша тұрғындарға өзін нотариус қызметкері ретінде таныстырып, алдаған. Жәбірленушілерден қызметі үшін алдын ала ақша алған. Сондай-ақ тексеру барысында тәртіп сақшылары жалған нотариустың дәл осыған ұқсас 4 жайтқа қатысы барын анықтады. Жәбірленушілерге 1 миллион теңге шығын келтірген. Қазіргі таңда күдікті ер адам қамауға алынып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде

Полицейлер алаяқтық жасады деген күдікке ілінген жалған нотариусты анықтады

Шардара аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел іздестіру шаралары барысында алаяқтықпен айналысқан бұрын сотталған 39 жастағы ер адамды ұстады, деп хабарлайды ӘділетТВ тілшісі Түркістан облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Анықталғандай, күдікті өзін нотариуспын деп таныстырып, жергілікті тұрғынға жер телімінің құжаттарын рәсімдеуге көмектесемін деп уәде беріп, кейін оны алдап кеткен. Қызметі үшін ол жәбірленушіден сыйақы ретінде ақша алған.

Сондай-ақ, тексеру барысында тәртіп сақшылары жалған нотариустың осыған ұқсас 4 алаяқтық фактісіне қатыстылығын анықтады. Жәбірленушілерге келтірілген жалпы шығын шамамен 1 миллион теңгені құрады.

Қазіргі уақытта күдікті қамауға алынып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

 

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ТҮРКІСТАН: САЙРАМ АУДАНЫНДА ҰЛЫСТЫҢ ҰЛЫ КҮНІ ТОЙЛАНДЫ

«Жасағанынан бүлдіргені көп». Алматы облысының тұрғындары 790 млн теңгеге тартылған су құбырына наразылық білдірді

Францияның элиталық жоғары оқу орнының директоры үйдегі зорлық-зомбылыққа байланысты отставкаға кетті

Пікір қалдырыңыз