Әнші Қайрат Нұртастың жұбайы, театр актрисасы Жұлдыз Әбдукәрімова қоқыстан бесік тауып алып, еріксіз көз жасына ерік берген.
Ол кезекті түсірілімге бара жатқанда қоқыс жанынан өткен алыстағы бесікке бірден көзі түсіпті. Көзге оттай басылғаны сонша, ол дереу көлікті тоқтатып, тау болып үйілген қоқыстың төбесіне жаяу жүгіріп шыққан екен.
Елестей есімді жия алмай, сүрініп-шалынып, бесікке бардым. Артыма қарасам, әлгі кішкентай қыз жүгіріп келеді. Түсірілім тобы аң-таң. Сонда түсінгенім, ана жүрегі мен бала көңіліне қоқыстағы бесік оттай үрей берді. Көзімізден жас сорғалап, тамаққа өксік тығылды, — дейді Жұлдыз Әбдікәрімова.
Ол балаларының шақалағында бесіктен шешкен бойда керіліп бой жазғаны ескені түскенін айтты. Дәл сол сәтте құмарлана иіскейтінмін. Бұл дүниенің мәні, о дүниенің жұпары сол сәтте емес пе?! деп отыр.
Елдегі балаларға жасалып жатқан зорлық-зомбылықтың тым тереңде жатқанын түсіндім. Біз ұлт ретінде сал-дәстүрімізді ұмытып, киелі бесігімізді қоқысқа тастай бастаппыз. Неге? Қашан бұл күйге жеттік? Бауыржан Момышұлы атамыз “Бесігі жоқ елден қорқамын” — демеді ме? Бала және оған қатысты барлық дүние менің жанды жерім! Түсірілім бағыты өзгерді!Бұл туралы әлі біраз дүние айтамын, көрсетемін деп шештім, – дейді актриса.
Оның қоқыста жатқан бесікті тастап кетуге батылы жетпей, оны өзімен бірге алып кеткен.