aspan

Биыл Шымкентте 26,4 мың гектарға ауыл шаруашылығы дақылдары егілді

Шымкентте егістікті әртараптандыру мақсатында биыл 26,4 мың гектарға ауыл шаруашылығы дақылдары егілді. Өнімділікті арттыру үшін егін шаруашылығын қолдау шаралары жүзеге асырылуда. Көктемгі дала жұмыстарын жүргізу үшін шаруаларға жеңілдетілген бағамен жанар жағармай қарастырылған. Көктемгі егіс жұмыстарының барысы толықтай бақылауға алынған, бұл бағыттағы жұмыстар жүйелі жалғасатын болады.

Үкімет басшысы Ауыл шаруашылығы министрлігіне өңір әкімдіктерімен бірлесіп, егіс алқаптарын арамшөптер мен зиянкестерге қарсы химиялық өңдеу жұмыстарын бақылауға алуды тапсырды.

Төтенше жағдай министрлігі шомылу маусымында халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін полиция департаменттерімен, әкімдіктермен бірлесіп, ұйымдастырушылық және практикалық іс-шаралар кешенін қолға алған. Шымкенттің климаттық жағдайына байланысты су қоймаларындағы қауіпсіздік, профилактикалық жұмыстар сәуір айынан бастап қарқынды жүргізілуде.

Қала аумағындағы 3 орында, атап айтқанда, Тоғыс су қоймасының «Холодильник» демалыс орнында, Бадам су қоймасының «Рахат Бадам» аймағында, Қошқар ата өзенінің бастауында шомылуға рұқсат етілді. Рұқсат етілмеген 13 орынға қатысты халық арасында түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, қауіпті аумақтарда жедел құтқару жасағының қызметкерлерінен кезекшілік ұйымдастырылды.

Сәуір айынан бастап судағы қауіпсізідікті сақтау бойынша 41 рейдтік шара жүргізілді. Бұл бағыттағы жұмыстар күнделікті, демалыс және мейрам күндері күшейтілген режимде жүргізілуде. Премьер-Министр жауаптыларға су қоймаларында бақылау шараларын қадағалау бойынша бірқатар тапсырма жүктеді.

Айта кетейік, Шымкент – Қазақстанның республикалық маңызы бар қала қатарында болғанымен өзіндік агро-белдеуі бар ерекше аймақ. Осыған сәйкес, қала аумағында мал шаруашылығы саласы да қарқынды дамып келеді. 2022 жылы ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге 1 074,0 миллион теңге субсидия (393 өтінім) берілген болса, биыл бұл бағытқа жергілікті бюджеттен жалпы 1 071,8 миллион теңге қаржы қаралған. Қала аумағындағы ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне мемлекеттік қолдау көрсету жалғасып келеді. Атап айтқанда, бүгінгі таңда ауыл шаруашылығы кооперативтерінің өткізген сүтінің құнын арзандатуға, мал басын көбейтуге, асылдандыруға, селекциялық жұмыстарға, құс еті мен жұмыртқа құнын арзандату, мал азығы құнын арзандату және тағы сол сияқты бағыттарға мемлекет тарапынан 350 миллион теңгеге жуық субсидия қаражаты төленді.

Related posts

Қай өңірде ең көп некелесу тіркелген

ЕСЕПСІЗ ЖҰМСАЛҒАН  ҚАРАЖАТТЫҢ  СҰРАУЫН КІМ БЕРЕДІ?!

Куандыков Улан Ержанович Ux Директор

Әлия Назарбаеваны рейдерлік жолмен басып алды деген айып тағылды

Leave a Comment