aspan

11 ЖАСТАҒЫ ҚЫЗДЫ МҮГЕДЕК ҚЫЛҒАН ЖҮРГІЗУШІ КЕШІРІММЕН ЖАУАПКЕРШІЛІКТЕН ҚҰТЫЛЫП КЕТТІ

Шымкентте телефонға қараймын деп 11 жастағы қызды мүгедек қылған жүргізуші жәбірленушілерден кешірім алып, жауапкершіліктен құтылып кетті.

Осыдан екі жыл бұрын Шымкент іргесіндегі Ақтас ауылы маңында жол апаты болды. “Toyota” көлігі қарсы бағытқа шығып кетіп, жолаушылар мінген “Газельге” соғылады. Салдарынан бір әйел қаза тауып, бірнеше адам жарақат алған. Сол жолаушылар көлігінде қонақтан қайтып келе жатқан анасымен бірге Мадина да отырған еді. Аударылған темір тұлпардың астында қызының қалып қойғанын көрген Жанар Түйгенова жұртты көмекке шақыра бастаған. Дәрігерлер бастапқыда “жағдайы тұрақты, аяққа тұрады” деп сендірген. Сол сөзге иланып, анасы кінәлі жүргізушіге кешірім берген.

“Қызыңызға қараймын. Барлығын емдетемін. Машинамды, үйімді сатып, мен ана қызды аяққа тұрғызамын. Мүгедек болып қалмайды. Сеніңіз маған” деп кешірім алып алған. Бір жағдайын сұрамады. Не операцияның ақшасын төлемеді. Ампутация жасалды. Қалай кешірім алды, кетті солай”, – дейді Мадинаның анасы.

Кейін сот кінәлі азаматты 28 миллион теңге өтемақы төлеуге міндеттеген. Алайда “жұмыссызбын” деп сылтауратқан ол бүгінге дейін бір тиын ақша төлмеген. Анасы прокуратураға дейін жүгінгенімен, шешім орындалмай келеді дейді. Жүргізушінің сол кездегі уәдесі жазылған видео да телефон жадында қалыпты.

“2023 жылғы болған жол апатынан Жанар әпшенің қызы Өтегенова Мадинаға алдағы уақытта аяққа тұрып кетуіне қол ұшымды беруге дайынмын. Еміне дәрі-дәрмекке көмектесуге дайынмын”, – деген екен жүргізуші.

Арада бір жыл өткенде Мадинаның жағдайы нашарлап, аяғына ампутация жасауға тура келген. Осылайша, халықтан жиналған қаражатқа Үндістанда ота жасалған. Қазір жалғызбасты ана қызын оңалту үшін қайтадан қаржы іздеп жүр.

“Екі рет қолына пышақ алып, “өз-өзімді өлтіремін” деген. “Аяқсыз керек емес маған өмір” деп жылады. Бұл қызым сап-сау туған. 2-сыныпқа дейін мектепке барды, өз аяғымен жүретін. Авариядан кейін мүгедек болып қалды. Оны мен бір жылдан кейін білдім мүгедек болғанын. Бүгінде Мадинаның арманы – протез салып, қатарластарымен бірге мектепке оралу. Ал анасының тілегі – әділдік орнап, сот шешімі толық орындалса дейді. Бір сәттік салғырттықтың салмағы – бүтін бір баланың өміріне тас-талқан етті”, – дейді Жанар Түйгенова.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

БІЗДІҢ НЕГІЗГІ МАҚСАТЫМЫЗ ШЫН МӘНІНДЕ ТИІМДІ ӘРІ КӘСІБИ ПАРЛАМЕНТ ҚҰРУ

Aspan info

ШЫМКЕНТТЕ МАРДАН САПАРБАЕВТЫ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН ХХХI ДӘСТҮРЛІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИР ӨТУДЕ

В КАЗАХСТАНЕ ПРЕДЛОЖИЛИ БЛОКИРОВАТЬ ОПАСНУЮ РЕКЛАМУ В СОЦСЕТЯХ

Aspan info

Пікір қалдырыңыз