aspan

11 АЙЛЫҚ СӘБИДІҢ ӨКПЕСІНЕН МЕТАЛЛ ТАБЫЛДЫ

Ақтаулық дәрігерлер кішкентай баланың өкпесіне тұрып қалған бөгде заттарды алып шықты. Осы уақытқа дейін ата-анасы да, мамандар да сәбиді «бронхиалды демікпемен» ауырады деп ойлаған.
Ақтау қалалық балалар ауруханасына 11 айлық нәресте қатты жөтел шағымымен түскен. Белгілі болғандай, сәби соңғы төрт ай бойы «бронхиалды демікпе» диагнозымен есепте тұрып, нәтижесіз ем қабылдап келген.
Дәрігер Айгерім Бекмұханбетованың айтуынша, баланың жағдайы кенеттен нашарлап, тыныс алуы қиындаған соң ата-анасы дәрігердің көмегіне жүгінген.
Аурухананың қабылдау бөлімінде жасалған рентген зерттеуі баланың өкпесінде металл заттың барын көрсетті. Отаны жасаған эндоскопистер тағы бір күтпеген жаңалыққа тап болды.
«Бронхоскопия кезінде металл заттан бөлек, шемішкенің қабығын таптық. Рентгенде көрінген темір зат ұзақ уақыт бойы демікпе белгілерін берген. Егер өкпеге дән қабығы түсіп, жағдайды ушықтырмағанда, бала бұл темірмен әлі де жүре берер еді», — дейді Айгерім Бекмұханбетова.
Бөгде заттар сәтті алынғаннан кейін баланың мазасын алған жөтел басылған. Қазіргі уақытта сәбидің тыныс алуы қалпына келіп, жағдайы тұрақталды.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ БҰРЫНҒЫ ДЕПУТАТЫ АМАНГЕЛДІ МОМЫШЕВ ДҮНИЕДЕН ӨТТІ.

ҚУАНЫШБЕК БОТАБЕК — БАС РЕДАКТОРЛАР КЛУБЫНЫҢ РЕСМИ ӨКІЛІ

Куандыков Улан Ержанович Ux Директор

«ВИЧ ЖҰҚТЫРҒАНЫН БІЛЕ ТҰРА, ЖЫНЫСТЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТКЕН»: АТЫРАУДА ТРАНСВЕСТИТТЕР ҰСТАЛДЫ

Aspan info

Пікір қалдырыңыз