20.3 C
Shymkent
Сенбі, Мамыр 21, 2022

Қазақстан Республикасы    COVID-19 Статистика

1,305,683
Расталған
Updated on May 20, 2022 19:41
13,661
Қайтыс болған
Updated on May 20, 2022 19:41
1,291,861
Жазылған
Updated on May 20, 2022 19:41

Түркістан облысының дәрігерлері жаңа туған нәрестеге күрделі ота жасады

Түркістан облысының облыстық балалар ауруханасының кардиохирургтары жүрек ақауымен дүниеге келген сәбиді аман алып қалды. Алты сағатқа созылған күрделі отадан кейін сәбидің кеуде қуысы жабылып, кардиохирургия бөліміне ауыстырылған.

Туғанына небәрі үш күн болған нәрестеге жоғары технологиялық бірнеше ота жасалды. Соның бірі – жүрек тамырларының транспозициясын түзету операциясы. Сәбидің салмағы небәрі 2400 гр. Нәресте қалалық перинаталдық орталықтан санавиация желісі бойынша ауыр жағдайда түскен. Оған кардиохирургтар, анестезиолог және перфузиолог дәрігерлері бар бригада күрделі радикалды операция жасады. Күрделі ота сәтті аяқталды.

Туа біткен жүрек ақауын жою үшін Лекомпте маневрімен негізгі тамырларды артериялық ауыстырылды. Дәрігерлердің айтуынша, дер кезінде жасалған отаның арқасында сәбидің денсаулығы жақсарды. Бала тұрғылықты жері бойынша амбулаториялық бақылауға шығарылды. ОДБ жағдайында оңалту еміне дайындалуда. Жыл басынан бері облыстық балалар ауруханасының кардиохирургтары жаңа туған нәрестелерге осындай 6 ота жасады.

Облыстық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, Түркістан облыстық балалар ауруханасының кардиохирургия бөлімшесінде жыл сайын сәбилердің ашық жүрегінде 250 операция жасалынады.  Олардың 40 пайызы жүрек ақауы бар жаңа туған нәрестелер.  Түркістан облыстық балалар ауруханасында дәрігерлердің біліктілігін арттыру мақсатында түрлі оқыту шаралары ұйымдастырылып отырады.

 

Оқи отырыңыз

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

Жаңалықтар

Түркістан облысының самбошылары Ташкентте өтетін Азия чемпионатына аттанады

0
Қызылорда қаласында 16-20 наурыз аралығында самбо күресінен ҚР-ның чемпионаты өтті. Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында ұйымдастырылған чемпионат жасөспірім ұлдар мен қыздар арасында өрбіді. Ел біріншілігінде спортшылар...

British Study: Daily Workouts Help you Cope Better with Stress

0
People live better in big houses and in big clothes. I try to contrast; life today is full of contrast. We have to change!...

10 Steps to Make to be Successful in Bodybuilding and in Life

0
People live better in big houses and in big clothes. I try to contrast; life today is full of contrast. We have to change!...

Discover How Physical Exercises Make your Brain Work Better

0
People live better in big houses and in big clothes. I try to contrast; life today is full of contrast. We have to change!...