22.3 C
Shymkent
Сенбі, Мамыр 21, 2022

Қазақстан Республикасы    COVID-19 Статистика

1,305,683
Расталған
Updated on May 20, 2022 19:41
13,661
Қайтыс болған
Updated on May 20, 2022 19:41
1,291,861
Жазылған
Updated on May 20, 2022 19:41

Нұр-Сұлтанда бір тәулікте 75 жол апаты тіркелді

Өткен тәуліктің ішінде елорда аумағында 75 жол-көлік апаты тіркелді, зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды aspan.info тілшісі қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап.

Ауа райының қолайсыздығы қала көшелерінде ахуалды қиындатып жібергенмен, жағдай полиция қызметкерлерінің жіті бақылауында болды. Құқық қорғаушылар күшейтілген қызмет атқару режимінде жүмыс істеп, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қосымша іс-шаралар қабылдады. Жолда, қар құрсауында қалған жүргізушілерге көмек көрсетіп, көліктерін қызметтік көліктерімен тартып шығарып беріп отырды. Полиция қызметкерлеріне азаматтық белсенділігі жоғары тұрғындар да көмек қолын созып, өздерінің жол талғамайтын көліктерімен жүргізушілерге көмек көрсетті. Жол қозғалысы қауіпсіздігі үшін қажетті барлық іс-шара қабылданды. Сонымен қатар қалалық департамент жүргізушілерден жолдарда аса абай болуды және жол қозғалысы ережесін қатаң сақтауды өтінеді.

«Жүргізушілер барынша мұқият болып, жылдамдық режимін және қауіпсіз ара қашықты бұлжытпай сақтау қажет. Жаяу жүргіншілерден жолды белгіленген жерлерден ғана өтуді сұраймыз. Осыған байланысты, жүргізушілерді жаяу жүргіншілер өткелі алдында жылдамдықты барынша азайтуды, жалпыға білім беру мекемелерінің маңында аса мұқият болуды ескертеміз»,- деді ведомстводан.

Оқи отырыңыз

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

Жаңалықтар

Түркістан облысының самбошылары Ташкентте өтетін Азия чемпионатына аттанады

0
Қызылорда қаласында 16-20 наурыз аралығында самбо күресінен ҚР-ның чемпионаты өтті. Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында ұйымдастырылған чемпионат жасөспірім ұлдар мен қыздар арасында өрбіді. Ел біріншілігінде спортшылар...

British Study: Daily Workouts Help you Cope Better with Stress

0
People live better in big houses and in big clothes. I try to contrast; life today is full of contrast. We have to change!...

10 Steps to Make to be Successful in Bodybuilding and in Life

0
People live better in big houses and in big clothes. I try to contrast; life today is full of contrast. We have to change!...

Discover How Physical Exercises Make your Brain Work Better

0
People live better in big houses and in big clothes. I try to contrast; life today is full of contrast. We have to change!...