Елордада Президент шыршасы өтті

Мәдениет

24.12.2019 16:01

195

Елордада Президент шыршасы өтті

Әкім шыршасы Нұр-Сұлтан

Елордадағы Оқушылар сарайында балаларға арналған жаңажылдық шырша тойы өтті. Іс-шараға 200-ден аса жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, ерекше білім беру қажеттілігі бар балалар, сондай-ақ оқу үздіктері қатысты.

Мерекелік ертеңгілік барысында сөз алған қала әкімі Алтай Көлгінов шәкірттерді және олардың ата-аналары мен ұстаздарын Жаңа жыл мейрамымен құттықтады:

«Биыл астаналық оқушылар тамаша табыстарға жетті. Атап айтсақ, балаларымыз республикалық олимпиадада 103 медальға ие болды. Оның 21-і – алтын, қалғаны – күміс пен қола. Ал халықаралық олимпиадада 53 медальді қоржынға салды. Оның 9-ы – алтын. Келесі жылы бұдан да үлкен жетістіктерді бағындыра беріңдер. Бұл үшін біздер, үлкендер, сендерге барлық қолайлы жағдайды жасаймыз», – деді ол.

Елорда әкімінің кеңесшісі Елнұр Бейсенбаевтың айтуынша, қараша айының соңынан бастап әлеуметтік осал топтарға жататын отбасылардан шыққан 15 мыңнан аса астаналық бала үшін әртүрлі деңгейдегі қайырымдылық іс-шаралары ұйымдастырылған.

Оның ішінде жеткіншектерді театр мен кинотеатрға, дельфиндер шоуына, сырғанаққа апару секілді бірқатар ойын-сауық түрі қарастырылған. Сондай-ақ ерекше қажеттілікті талап ететін балалар мен жасөспірімдер үшін арбалар мен 10 инватаксиді сыйға берілді.


кілттік сөздер: Әкім шыршасы

Тағы да қараңыз

Пікір қалдырыңыз