Биыл Қарағандыға бір триллион теңгенің инвестициясы тартылды

Экономика

20.12.2019 18:16

139

Биыл Қарағандыға бір триллион теңгенің инвестициясы тартылды

Қарағанды облысының экономикалық дамуы

Бұл туралы бүгін облыс әкімі Жеңіс Қасымбек мәлімдеді.

Қазір кенді өңірде шетелтен тартылған қаржының арқасында 39 жаңа ірі жоба жүзеге асырылып жатыр. Биыл соның сегізі іске қосылды. Атап айтқанда, ферроқорытпа зауыты, қағаз комбинаты, үш күн электр станциясы бар. «Жоспар бойынша келесі жылы тағы 13 өндіріс орны ашылуы тиіс. Жалпы облысқа тартылған инвестиция көлемі соңғы жылдармен салыстырғанда екі есе өсіп, өңірдің өндірісіне серпін берді», - дейді облыс әкімі. Биыл сондай-ақ мыс өндіру көлемі 365 мың тоннаға көбейеді. Болат пен көмір өндіру көрсеткіші де өседі.

Жеңіс Қасымбек, Қарағанды облысының әкімі: - Болат өндіру 400 мың тоннаға артатын болады. Жалпы көлемі 3 млн 700 мың тонна болады деп жоспарлап отырмыз. Көмір өндіруде біздің облыстың үлесі 52%-ті құрайды. Бүгінгі күні өңірде 10 шахта, 12 разрез жұмыс істеп тұр. Бірақ инвестиция тартпай өнеркәсіпті ары қарай дамыту мүмкін емес. Сондықтан біздің облысымызда бүгін 39 ірі жаңа инвестициялық жоба іске асырылуда. Оның 15-і шамамен 1 трлн теңге қаражат көлемінде шетел инвестициясы арқылы іске асырылып жатыр.


кілттік сөздер: Қарағанды облысы, Жеңіс Қасымбек

Тағы да қараңыз

Пікір қалдырыңыз