Шымкентте есірткіге қарсы акция өтті

Спорт

20.12.2019 17:43

165

Шымкентте есірткіге қарсы акция өтті

Акция өтті

Шымкенттегі Мұз сарайында қалалық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы мен ішкі істер департаментінің есірткіге қарсы күрес басқармасының бірге ұйымдастырумен акция өтті. Ақпараттық іс-шара барысында нарколог-дәрігерлер тұрғындарды қабылдап, мамандар есірткінің зияны және есірткіге қарсы күрес басқармасы қызметкерлерінің атқарылып жатқан жұмысы туралы баяндады.

Акцияға келген тұрғындар қалалық №8 қысқы спорт түрлерінен олимпиада резервінің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің спортшыларының өнерін тамашалады. Спортшылар мұз айдынында мәнерлеп сырғанап, шорт-трек әдіс-тәсілдерін көрсетті.

Конценрттік бағдарлама соңында жас шайбашылар сайысып, қала тұрғындарына ерекше ойын өрнегін көрсетті.

Ал акция соңында қалалық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының өкілдері мұз айдынында өнер көрсеткен таланатты жастарға түрлі сыйлықтар тарту етті.

кілттік сөздер: Шымкент, Мұз сарайы, салауатты өмір салтын қалыптастыру, есірткіге қарсы

Тағы да қараңыз

Пікір қалдырыңыз