Шымкенттік белгілі суретші елбасыдан алғыс алды

Мәдениет

20.12.2019 17:36

87

Шымкенттік белгілі суретші елбасыдан алғыс алды

Суретші ұлықталды

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Ерлан Айтаханов қаламыздың белгілі суретшісі, Қазақстанның құрметті ұстазы Алмас Халықовты арнайы қабылдап, Елбасының атынан келген алғыс хатты табыстады.

Суретші Алмас Халықов 1 желтоқсан - ҚР Тұңғыш Президенті күні қарсаңында Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа «Жан анам» туындысын жолдаған болатын. Өнер иесінің хаты мен сыйлығын қабыл алған Елбасы алғысын білдіріп, ыстық лебізін жеткізді.

Картинада қылқалам шебері Нұрсұлтан Назарбаев пен анасын бейнелеген. Ол туындыны майлы бояу техникасымен екі ай көлемінде салған.

Кездесу барысында «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының аясында жүзеге асырылып жатқан жұмыстар әңгімеленді. Сонымен қатар, шаһар басшысы суретшіні “Шымкент - қайырымды қала” мен келер жылы өтетін ТМД елдерінің мәдени астанасы тақырыптарында еңбектенуге шақырды.

       


Е.Айтаханов суретшінің жеке көрмесіне арнайы қатысты. Көрмеге жалпы саны 70-тен астам картина қойылған. Туындылардың түрлі жанрда салынған.

Көрмедегі жұмыстармен танысқан Ерлан Қуанышұлы ел мен жердің көркін қылқаламмен ақ қағаз бетіне түсіре білген өнер иелерінің «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласына қосып отырған үлесі мол екенін жеткізді.

«Табиғаттың тарту еткен сұлулығын бояумен әрлеген өнер иелерінің туындылары «Қазақстанның қасиетті жерлерінің географиясы» бағытының аясында атқарылып жатқан жұмыстардың насихаты ретінде қарауға болады. Бұл киелі жерге деген туристердің назарын аударуға үлес қосары анық. Біз қайырымды қала тұрғындары, әр жәдігерімізді, өнер туындыларын дәріптеп, сақтай білуіміз қажет», - деді Е.Айтаханов.

Айта кетейік, қаладағы «Бейнелеу өнері» мұражайында ұйымдастырылған көрме екі күнге созылады.


кілттік сөздер: Шымкент, Ерлан Айтаханов , Суретші Алмас Халықов , Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев

Тағы да қараңыз

Пікір қалдырыңыз