Мемлекет басшысы: Қазақ тілін реформалау қажет

Саясат

20.12.2019 14:26

163

Мемлекет басшысы: Қазақ тілін реформалау қажет

Ұлттық кеңестің отырысы

Елордада өтіп жатқан Ұлттық кеңестің отырысында президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік тілді реформалау қажеттігі туралы айтты деп хабарлайды adilettv.kz.

Қасым-Жомарт Кемелұлы Қазақстанның мемлекеттік тілін реформалау және жаңарту қажеттілігі жөнінде баяндады.

Ол осы саладағы мамандардың - лингвист ғалымдар мен филологтардың айшықты пікірін күтіп отырғанын жеткізді.

Тоқаев реформа мен модернизация тек қазақ тіліне қатысты болатынын тағы бір еске салды.

«Біз қазіргі саяси жүйені реформалаудың маңызды қадамын жасап жатырмыз. Саяси бастамалардың алғашқы топтамасы мемлекет тарапынан нығайтылды», - деді президент кездесуде.
"Реформалардың басты мақсаты – даму бағытымыздан ауытқымай, оған тың серпін беру", - деп қосты мемлекет басшысы.


кілттік сөздер: мемлекеттік тіл, Ұлттық кеңес, Қасым\-Жомарт Тоқаев

Тағы да қараңыз

Пікір қалдырыңыз