«Жас ұрпақ оқуы – елдің интеллектуалды ресурсы» облыстық креативті идеялар жәрмеңкесі

Мәдениет

20.12.2019 10:50

204

«Жас ұрпақ оқуы – елдің интеллектуалды ресурсы» облыстық креативті идеялар жәрмеңкесі

Зерделі кеңес өтті

Түркістан облыстық Ы.Алтынсарин атындағы балалар кітапханасы аудандық, ауылдық, қалалық балалар кітапханасының кітапхана меңгерушілерімен «Жас ұрпақ оқуы – елдің интеллектуалды ресурсы» облыстық креативті идеялар жәрмеңкесі атты зерделі кеңес өткізді.

Ы.Алтынсарин атындағы облыстық балалар кітапханасының директоры Бегежанова Зоя Оралбайқызы зерделі кеңесті ашып берді.


Оңтүстік Қазақстан Медицина Академиясының әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының меңгерушісі, философия ғылымдарының кандидаты, доцент Кемелбеков Қанатбек Бердалыұлының «Жас ұрпаққа патриоттық тәрбие берудегі кітап пен кітапхананың рөлі» атты баяндама, Ақпараттық-библиографиялық бөлімінің меңгерушісі Ф.Ф.Ахлиукова «Көпшілік алдында сөз сөйлеу қорқынышы» - «Страх публичного выступления» атты психологиялық edutainment, кітапханашы А.Д.Сабденкулова «Жақсы талғам» атты библиокафе, мектепке дейінгі және бастауыш сыныптардағы балаларға қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі Г.Б.Тұрғынбаева «Ой еңбегінің шаттығы мен қуанышы – білімде» атты коучинг, инновациялық және әдістемелік жұмыс бөлімінің меңгерушісі Ж.ЖАманжолова «Кітапханашыларға арналған креативті идеялар жәрмеңкесі» атты кітапханашылар арасында сайыс ұйымдастырып, кітапхана директоры Бегежанова Зоя Оралбайқызы ҚР Мәдениет және спорт министірлігі, Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі және ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының ұйымдастыруымен жазушы, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Әбіш Кекілбаевтың 80 жылдығына арналған «Әбіш әлемі» оқу конгресіне қатысып, іс-тәжірибе алмасу мақсатында «Адамды адам еткен – кітап, адамзат еткен – кітапхана» атты бейнежазба көрсетіп, зерделі кеңесті қорытындылай отырып, аудандық, ауылдық, қалалық кітапханашыларды «Кітапхана ісінің шебері» төсбелгісімен, дипломен, алғыс хаттармен марапаттады.

Ы.Алтынсарин атындағы облыстық балалар

кітапханасының бөлімінің меңгерушісі

Ж.Ж. Аманжолова

кілттік сөздер: креативті идеялар жәрмеңкесі, Ы\.Алтынсарин атындағы балалар кітапханасы, Түркістан облысы, кітапхана

Тағы да қараңыз

Пікір қалдырыңыз