Күдіктіні ұстауға көмектескен тұрғын марапатталды

Қоғам

20.12.2019 10:18

121

Күдіктіні ұстауға көмектескен тұрғын марапатталды

Қылмысты ашып, күдіктіні ұстауда қосқан үлесі үшін жергілікті тұрғын марапатталды

Бәйдібек АПБ-не жергілікті кәсіпкер тұрғын арызданады. Жәбірленуші ер азамат арызында, түнгі уақытта сағат 01-00 шамасында өзінің жеке меншігіндегі азық-түлік дүкеніне белгісіз біреулер терезе арқылы заңсыз кіріп, дүкен ішінен жалпы құны 32 мың теңгеден астам тұратын күнделікті тұтынатын заттарды жымқырғанын көрсетті. Аталған жайт сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізіліп, ҚР ҚК-нің 188-бабы «Ұрлық» бойынша тіркеліп, қылмыстық іс қозғалды. Оқиға орнына шұғыл жеткен полицейлер, куәгерлерден сұрастырып, жақын аймақтарды аралап шықты. Тәртіп сақшылары ұрлық жасаған ауылдың азаматтары деген оймен, олардың қайта келуі керек деп жоспарлайды. Сондықтан дүкен иесіне сол аралықта дүкенге қона жатып істеуге кеңес береді. Полицейлердің ішкі түйсігі, жұмыс бабында бұрында кездескен ұрлық қылмыстарынан алған тәжірибесі алдамады. Араға 20 күн салып, ұрылар аталған дүкенге қайта келеді. Сол сәтте жәбірленуші азамат дүкен ішінде болады. Есікті заңсыз біреулердің ашып жатқанын көріп, тез арада осы аймаққа бекітілген Бәйдібек АПБ-нің учаскелік полиция инспекторы, полиция капитаны Досбаев Думанның ұялы телефонына хабарласып үлгереді. Содан кейін белгісіз азаматтар жабық тұрған терезені сындырып ішіне 1-уі кірген. Ал, дүкен иесі болса, күдіктіні ұстап алады. Хабар алысымен жылдам жеткен полицей қашып кеткен күдіктілерді ұстайды. Тергеу барысында күдіктілердің 3-еуі де кәмелет жасына толмаған, жергілікті тұрғындар болып шықты. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Осы тұста, қоғамдық қауіпсіздікті сақтауда және қылмыспен күресте, ұрыны ұстауда өзінің үлесін қосқаны үшін жәбірленуші яғни дүкен иесіне Бәйдібек АПБ-нің бастығы полиция полковнигі Д.Панзабеков «Алғыс хат» табыстап, марапаттады.

Өз кезегінде арызданушы тұрғын: «Полицейлер ұсынған жоспармен әрекет етіп, жақсы нәтижеге жеткенімізге, сол үшін марапатталып отырғаныма қуаныштымын. Тәртіп сақшыларының жұмысына сәттілік тілеймін» – деп жүрекжарды сөзін арнады. Түркістан облысы полицейлері азаматтарға, оның ішінде жеке кәсіпкерлерге сауда орындарыңыздың, ғимараттарыңыздың қауіпсіздік шараларын күшейтіп, қажетінше жарықтандырып, дабылқаққыш пен бейнебақылау камераларын орнатуға кеңес береді.

кілттік сөздер: Бәйдібек, «Алғыс хат», Полицей

Тағы да қараңыз

Пікір қалдырыңыз