Шымкентте тәуелсіздік күні 49 сәби дүниеге келген

Қоғам

19.12.2019 10:09

244

Шымкентте тәуелсіздік күні 49 сәби дүниеге келген

Ел демографиясының өсуі

Мереке күні дүниеге келгендердің басым бөлігі қыз балалар. Атап айтар болсақ, 16 желтоқсан күні дүние есігін ашқан кішкентай шымкенттіктердің 26 қыз баласы және 23 ұл бала. Мереке күні туылған шақалақ пен аналарының қазіргі жағдайы жақсы дейді дәрігерлер.

Бүгінде Шымкент қаласы ел демографиясының өсуіне үлкен үлес қосып отыр. Мәселен, шаһарда 2019 жылдың 11 айында 25 688 нәресте дүниеге келген.


кілттік сөздер: сәби, 16 желтоқсан күні , демография

Тағы да қараңыз

Пікір қалдырыңыз