Шымкентте «Таза қала» акциясы бойынша үздіктер марапатталды

Саясат

13.12.2019 14:02

359

Шымкентте «Таза қала» акциясы бойынша үздіктер марапатталды

«Таза қала» акциясы ұйымдастырылды

Шымкент қаласы ішкі саясат және дін істері басқармасының тапсырысы мен «Азаматтық Альянс» қауымдастығының ұйымдастыруымен «Таза қала» акциясы ұйымдастырылған болатын.

Акцияның негізгі мақсаты – тұрғындардың қала мен ауласын таза ұстауға біріктіру. Сондай-ақ, туған қаласына деген сүйіспеншілігін арттырып, оның сұлулығымен, көркемдігімен және өмір сүру сапасымен мақтаныш сезімін қалыптастыру.

Бүгін аталмыш акция мәреге жетіп, үздіктер марапатталды. Осынау іс-шараға Шымкент қаласының әкімі Ерлан Айтаханов арнайы келіп, қатысушыларға шынайы ризашылығын білдірді.

Ерлан Айтаханов

«Таза қала» акциясы - тұрғындардың қаламызға деген зор махаббатын, ортақ үйіміздің таза, әдемі болуына және гүлденуіне талпыныстарын арттырды. Сонымен қатар, бұл өскелең ұрпақты патриоттылыққа баулуда таптырмас шара. Біз көгалдандыру жұмыстарына көптеп назар аударуымыз қажет. Себебі, сүйікті қаламыз шынайы жасыл әрі таза қала болу үшін әрқайсымыз өзімізден бастауымыз тиіс. Келер жылы ТМД елдерінің мәдени астанасы болғалы отырмыз. Демек, біз баршаға үлгі болардай жұмыс істеуіміз шарт. Қайырымдылық пен тазалық, ізеттілік пен ұлағаттық Шымкенттің әр тұрғынына тән қасиет екеніне сенімім мол», еді Ерлан Қуанышұлы.

Сонымен қатар, шаһар басшысы тұрғындарды жасалынған игі дүниелерге ұқыптылықпен қарауға шақырды.

Іс-шара барысында үйлердің кіреберістері, ауласының тазалығы, жасыл желек отырғызылуы ескерілді.

Акция қорытындысымен шаһардың 4 ауданы бойынша үздік үштіктер анықталып, Шымкент қаласы әкімінің арнайы дипломдарымен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Ал іс-шара соңы керемет концерттік бағдарламамен жалғасты.



кілттік сөздер: Шымкент, Таза қала, Ерлан Айтаханов

Тағы да қараңыз

Пікір қалдырыңыз