Арасында жас алшақтығы бар жұлдызды жұптар

Экономика

01.12.2019 16:33

218

Арасында жас алшақтығы бар жұлдызды жұптар

Махаббаттың жасқа қарамайтыны жиі айтылады. Оны әркім әртүрлі сипаттайды, сезінеді.

Біреу өмірлік серігін замандастары арасынан тапса, енді біреу арада біраз буын ауысқан соң жолықтыруы мүмкін. Біз арасында жас алшақтығы бар жұлдызды жұптарға қатысты шолу жасадық.

Нұрғали Нүсіпжанов пен Жадыра Сейдеш

Әнші, Қазақстанның халық артисі Нұрғали Нүсіпжанов пен журналист Жадыра Сейдеш 2019 жылдың тамыз айында заңды некеге тұрды. Нұрғали Нүсіпжанов 2014 жылы “Жүрекжарды” бағдарламасына кейіпкер болып, оны жүргізетін болашақ жарымен танысты. Екеуінің жас айырмашылығы – 45 жыл. Жадыра – әншінің екінші әйелі.

Нұрғали Нүсіпжанов пен Жадыра Сейдеш. Фото: Ult.kz

Тұңғышбай Жаманқұлов пен Дария Жүсіп

Театр актеры, Қазақстанның халық артисі Тұңғышбай Жаманқұлов Темірбек Жүргенов атындағы қазақ ұлттық өнер академиясында Дарияның ұстазы болған. Дария оқуын тәмамдағаннан кейін 2 жылдан соң оқытушысына тұрмысқа шықты. Тұңғышбай Жаманқұлов жарынан 24 жас үлкен.

Тұңғышбай Жаманқұлов пен Дария Жүсіп. Фото: Juldyz.kz


 Досхан Жолжақсынов пен Қарагөз Сүлейменова

Актер, Қазақстанның халық артисі Досхан Жолжақсынов пен актриса, тележүргізуші Қарагөз Сүлейменова 1986 жылы “Диагноз” фильмінің түсірілім алаңында танысқан. Қарагөз онда режиссердың көмекшісі болды. Жұп 90-жылдардың басында үйленді. Бүгінде екі ұл, бір қыз тәрбиелеп отыр. Қарагөз – актердың екінші жары. Екеуінің жас айырмашылығы – 16 жыл.

Досхан Жолжақсынов пен Қарагөз Сүлейменова. Фото: Qamshy.kz


Дереккөздер:

  1. baribar.kz

кілттік сөздер: жұлдыздар, шоу-бизнес

Тағы да қараңыз

Пікір қалдырыңыз