Елімізде тоғыз айда 13 мыңнан астам көлік оқиғасы тіркелген

Оқиғалар

01.12.2019 17:14

258

Елімізде тоғыз айда 13 мыңнан астам көлік оқиғасы тіркелген

Қазақстандағы жол апаттар саны

Жалпы елімізде жол апаттары жиіледі. Соңғы 9 айдағы көрсеткіш бойынша, Қазақстанда 13 мыңнан астам көлік оқиғасы тіркелген.

Бұл былтырғы жылдың дәл осы кезеңімен салыстырғанда 5%-ке көп. Қақтығыстардың салдарынан 2 мыңға жуық адам қаза тауып, 17 мыңнан астам жолаушы жарақат алды. Ең сорақысы – мерт болғандардың арасында өрімдей балалар бар. 197 жеткіншектің тағдыры тас жолда талқандалды. Тағы 3,5 мыңға жуық баланың ауруханаға жеткізілгені мәлім.



кілттік сөздер: жол апат

Тағы да қараңыз

Пікір қалдырыңыз