aspan

ШЫМКЕНТТІҢ ӨНЕРКӘСІПТІК ӘЛЕУЕТІ АРТЫП КЕЛЕДІ

Мегаполис Қазақстанның негізгі өндірістік қаласы ретінде дамып келеді. Елдегі өндірістің ауқымды бөлігі Шымкентке тиесілі:
• мақта майының 96 пайызы;
• мақта матасының 63 пайызы;
• дәрі-дәрмектің 43 пайызы;
• мотор майының 39 пайызы;
• тазартылған күнбағыс майының 37 пайызы;
• өңделген шай мен кофенің 34 пайызы;
• цемент клинкерлерінің 30 пайызы;
• портландцементтің 22 пайызы.
2025 жылы қалада өңдеу өнеркәсібі бойынша құны 66,1 млрд теңгелік 20 өндірістік жоба іске қосылып, 1 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылды.
Ірі жобалардың бірқатары:
«QazAlpack» – алюминий құтылар өндірісінің құны 30 млрд теңгелік 2-кезеңі іске қосылды. Зауыт жылына 2,2 млрд дана алюминий құтысын шығарады, 112 тұрақты жұмыс орны ашылған; «Sauran Bricks» – құны 7,8 млрд теңгелік автоклавты газдалған бетон зауыты іске қосылды, жылына 300 мың текше метр газдалған бетон өндіреді. Нәтижесінде мегаполистегі өнеркәсіп өнімінің көлемі 13,3 пайызға артып, 1 528,8 млрд теңгені құрады.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

23 СӘУIР – ҰЛТТЫҚ КIТАП КҮНІ

ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРЛЕРІ РЕФЕРЕНДУМҒА ҚАТЫСЫП, ӨЗ ТАҢДАУЛАРЫН ЖАСАДЫ

Куандыков Улан Ержанович Ux Директор

Мұғалімдер жеті жастағы оқушыны ата-анасына ескертпей гинекологқа апарған

Пікір қалдырыңыз