aspan

БЕНЗИН МЕН КОММУНАЛДЫҚ ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ ҚЫМБАТТАУЫНА ҚАТЫСТЫ

Үкімет экономиканы тұрақтандыру және реформалардың әсерін жұмсарту мақсатында бірқатар шара қабылдады.

🔶 Жанармай бағасына мораторий

16 қазаннан бастап инфляция деңгейі тұрақтағанға дейін АИ-92 маркалы бензин мен дизель отынының бағасын көтеруге мораторий енгізіледі.

🔶 Коммуналдық тарифтер мен азық-түлік бағасы

16 қазаннан бастап 2026 жылдың І тоқсанының соңына дейін коммуналдық тарифтер өспейді. Бағаны ұстап тұру шаралары шығындарды оңтайландыру есебінен жүргізіледі.

🔶 Бизнеске қолдау және салық саясаты

Шағын және орта бизнеске арналған жеңілдетілген салық режиміне қатысты артық шектеулер алып тасталды. 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап микро және шағын бизнес үшін салықтық тексерулер, камералдық бақылау және мәмілелер бойынша сот істері тоқтатылады.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Ақтөбелік студент жұмбақ жағдайда көз жұмды

Президент тапсырмаларын жүзеге асыру: Үкіметте экономикаға инвестиция тарту қарқыны қаралды

АҚША ДА ЖОҚ, МАЛ ДА ЖОҚ. АЛАЯҚҚА ТҰСАУ ДА ЖОҚ!

Куандыков Улан Ержанович Ux Директор

Пікір қалдырыңыз