aspan

ӘСКЕРИ ПРОКУРАТУРА ОРГАНДАРЫНЫҢ ЖОЛДАНЫМДАРДЫ ҚАРАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТУРАЛЫ

Жеке және заңды тұлғалардың жолданымдарын жан-жақты, сапалы қарау, азаматтардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіру прокурорлардың жұмысындағы басым бағыттардың бірі болып табылады

Ағымдағы жылдың 10 айында Шымкент гарнизонының әскери прокуратурасына азаматтар мен заңды тұлғалардан 70 жолданым келіп түскен, оның ішінде 5 жолданым қаралып, қанағаттанарлық және түсіндіру сипатындағы жауаптар берілді, ал қалған 65 жолданым қарау үшін уәкілетті органдарға жолданды, бұл ретте жолданған жолданымдар Шымкент гарнизоны әскери прокуратурасының бақылауына алынды.

Азаматтар әскери прокуратураға көбіне қарау прокуратура органдарының құзыретіне кірмейтін мәселелер бойынша, яғни мерзімді әскери қызметке заңсыз шақыру, жер және тұрғын үй мәселелерімен, еңбек заңнамасы, сот шешімдерін орындамау, мемлекеттік сатып алу және басқа да әлеуметтік мәселелермен жиі жүгінеді.

Сондықтан да мұндай жолданымдар өзге де мемлекеттік ведомстволарға қарау үшін жолданады.

Прокурордың дауға араласуын талап етпейтін, уәкілетті органдардың жолданымдарды нақты қарау қажеттілігі «Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 5-бабы 4-тармағындағы (әрі-қарай – Заң) талаптарда айқындалған, онда, прокуратура органдары қадағалауды жүзеге асыру кезінде өзге мемлекеттік органдардың функцияларын алмастырмайтыны қарастырылған.

Заңға сәйкес прокуратура органдары төменде көрсетілген жолданымдарды қарайды (24-бап 1-тармақ):

— егер олар физиологиялық ерекшеліктеріне, психикалық ауытқуларына және өзге де мән-жайларға байланысты өз құқықтарын қорғауды өз бетінше жүзеге асыра алмаса, адамның және азаматтың, кәмелетке толмаған адамдардың, сондай-ақ адамдардың шектелмеген тобының құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау және қалпына келтіру;

— Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысына және ұлттық қауіпсіздігіне төнген қатерді болғызбау мақсатында;

— жойылмауы адамның өмірі мен денсаулығына зиян келтіруге алып келетін заңдылықтың бұзылу фактілері бойынша;

— Қазақстан Республикасы Президентінің және Бас Прокурордың тапсырмалары бойынша.

Жоғарыда аталған санаттардан басқа, прокуратура органдары адамның және азаматтың, қоғамның немесе мемлекеттің құқықтарын және заңды мүдделерін қорғау және қалпына келтіру үшін, егер бұл мүдделерді қорғауды құзыретіне тиісті өкілеттіктер жатқызылған уәкілетті орган тиісті түрде қамтамасыз етпесе не мұндай орган болмаған жағдайларда жолданымдарды қарайды.

Сондай-ақ, Азаматтық іс жүргізу кодексіне сәйкес прокурорлар мемлекет пен қоғамның мүддесіндегі, өз құқықтарын өз бетінше қорғауға қабілетсіз адамдар болған жағдайдағы сот шешімдеріне келтірілген шағымдарды, сонымен қатар заңда белгіленген кезде немесе прокурордың қатысу қажеттілігін сот таныған кезде ғана қарауға уәкілетті.

 

Өз кезегінде, жеке-құқықтық даулар бойынша сот актілеріне тараптар сотқа дербес шағымдануы тиіс.

Сондықтан, егер жолданымдар көрсетілген критерийлерге сәйкес келмесе, онда азаматтар мен заңды тұлғалар өз құқықтарын қорғау үшін тікелей уәкілетті органдарға немесе сотқа жүгінуі қажет.

Бұл талаптар қылмыстық іс жүргізу, азаматтық іс жүргізу заңнамасында, әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамада, сондай-ақ жедел іздестіру және қарсы барлау қызметі саласында белгіленген жолданымдарды қарау тәртібінде қолданылмайды.

Жоғарыда аталған талаптарды білу жолданым иелеріне қажетті адресатқа дереу хабарласуға мүмкіндік береді, сондай-ақ бұл олардың мәселелерін шешуді жылдамдатады.

 

 

Шымкент гарнизоны әскери прокурорының орынбасары әділет майоры   Е.Сыздықов                   

Related posts

Алматыда жер сілкінісі: Қытайда кезекті дүмпу болды

eGov.kz жүргізуші куәлігін алудың қандай жаңа талаптарын енгізді

Куандыков Улан Ержанович Ux Директор

Депутат и глава филиала Amanat попала в ДТП

Leave a Comment