Ақпарат

Қостанай облысында жүргізуші түйелерді қағып кетті

Полиция қызметкерлері түйенің иесін анықтап, жауапқа тартты. 12 тамыз түнде Қостанай – Қарабұтақ автожолының 59-шақырымында GEELY автокөлігінің жүргізушісі қараусыз жайылып жүрген екі түйені қағып кетті, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан түйелер өлді. Жүргізуші зардап шеккен жоқ, бірақ оған материалдық шығын келтірілді.

Іс жүргізу барысында полицейлер түйе иесін анықтады. Ол Б.Майлин ауданының Юбилейное ауылының 50 жастағы тұрғыны болып шықты.

Ауылдық учаскелік полицейдің айтуынша, ер адам ауыл шаруашылығы жануарларын жаю ережелерін бұзғаны үшін бірнеше рет жауапқа тартылған.

Бұл жолы құқық бұзушылар әкімшілік кодекстің екі бабы бойынша жол ережелерін және жоғарыда аталған ережелерді бұзғаны үшін жауапқа тартылды. Оған шамамен 45 мың теңге айыппұл салынды. Сонымен қатар ол келтірілген залалды өтеуі керек.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Мектеп бітіру кешіне рұқсат етілмейтін болды

Тоқаев еңбек демалысына шықты

ҚАЗАҚТЫҢ ҚАЙСАР ҰЛЫ-АМАНГЕЛДІ ТӨЛЕЕВТІҢ ТУҒАНЫНА 80 ЖЫЛ!

Пікір қалдырыңыз